Қызылордалық басылымдардың мерейтойы той орнына өңірлік баспасөз мәселесін талқылауға арналды

Қызылорда. 28 қараша. ҚазТАГ – Қызылордалық басылымдардың мерейтойы той орнына өңірлік баспасөз мәселесін талқылауға арналды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Сыр бойы» және «Кызылординские вести» облыстық басылымдарының 90 жылдық мерейтойы – елеулі кезең. Бұл басылымдар түрлі атаулармен жарық көрді, осы жылдар бойы тарихы мен дәстүрі бай өңірдің, ең бастысы – еңбекқор жерлестері- күрішшілер, мал өсірушілер, балықшылар, гидроқұрылысшылардың өзіндік жылнамасын жүргізді. Басылымдарымыздың мерейтойы алдында мерекені қалай өткізсек екен деп ойландық, сөйтіп форматты өзгертуді жөн көрдік – Ақтөбеден, Түркістаннан, Алматы мен Шымкенттен журналистерді шақырта отырып, әріптестерімізбен өңірлік баспасөз мәселесін талқылауды шештік», - деді Қазақстан Журналистер одағы (ҚЖО) Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Аманжол Оңғарбаев.
Журналистердің пікірінше, ҚЖО Қызылорда облыстық филиалы төрағасы атап өткендей, мерейтой жаңа форматта сәтті аталып өтті.
«Оның үстіне, біздің әріптес-көршілерімізде де сондай мәселелер – тираждың қысқаруы, жарнама бөлігінің азаюы, қосымша қаржыландыруды іздестіру секілді қиындықтар бар. Сосын соңғы кездері жаңа қауіп-қатерлер тууда – танымал әлеуметтік желілер мен блогерлер дәстүрлі медиа үшін де жаңалық тақырыбын ұсынып отыратын болды. Соңғы кездері өңірдегі проблемаларды ашық талқылауға және орын алған жағдайдан шығу жолдарын іздеуге шақырып жүрген Қазақстан журналистер одағы басқармасының да баспасөздің жаңа тәсілін қолдауы қуантады. Мәселен, «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Түркістанда әлеуметтік желінің рөлі туралы медиа-форум өтті, ал Қазақстандағы ішкі туризмнің даму проблемасын республикалық БАҚ Ұлытау ауданында жезқазғандық «Дидар» телеарнасының 60 жылдық мерейтойында талқылады», - деп атап өтті Оңғарбаев.
Айта кетелік, өңірлік баспасөз мәселесін талқылау басылым мерейтойын ұмыт қалдырмады. Редакция мен журналистердің еңбектері атап өтілді. Көбі Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қолынан дипломдар мен грамоталар алды, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мен ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың құттықтауларын мемлекет басшысы баспасөз қызметінің қызметкері Ержан Байтелес оқып берді. «Сыр бойы» ардагері Қайырбек Мырзахмеұлы мен «Кызылординские вести» ардагері Тимур Қасымов Қазақстанның құрметті журналистері атағына ие болды. Бұл марапаттарды оларға республиканың шығармашылық ұйымдарының басшысы Сейтқазы Матаев табыстады. Сейтқазы Матаев олардың қазақстандық журналистиканың дамуына қосқан зор үлестері мен еңбектерін атап өтті.

adimage