Өзбекстан Түркі кеңесіне мүше болуға өтініш берді

Алматы. 13 қыркүйек. ҚазТАГ - Өзбекстан Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне (Түркі кеңесі) кіруге ресми өтініш берді, деп хабарлайды Өзбек телеграф агенттігі (UzTAG).
«Өзбекстан Түркі кеңесіне кіруге ресми өтініш берді және жақын уақытта құжат рәсімделеді», - деді Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу.
Ол 16 қазанда саммит өткізетіндігін атап өтті.
Сонымен қатар, министр Түрікменстан да бақылаушы ел болуға ниет білдіргенін айтты.
Чавушоглу Түркі кеңесі маңызды аймақтық ойыншыға айналатынын атап өтті.
Еске салсақ, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (Түркі кеңесі) қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым болып табылады, оның негізгі мақсаты мүше мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Түркі кеңесі 2009 жылғы 3 қазанда Нахчыван қаласында (Әзірбайжан) құрылды. Кеңес құрамына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия кіреді.

adimage