Өзбекстанда әйелдерге тыйым салынған мамандықтар тізімін алып тастау ұсынылды

Күні: 17:28, 19-04-2019.

Алматы. 19 сәуір. КазТАГ-Өзбекстанда әйелдерге тыйым салынған мамандықтар тізімін алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Өзбек телеграф агенттігі (ӨзТАГ).
"Еңбек министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі 1999 жылғы 22 желтоқсанда бекіткен әйелдер еңбегін пайдалануға толық немесе ішінара тыйым салынатын еңбек жағдайлары қолайсыз жұмыстардың тізімі күшін жойды деп танылсын", - делінген Заңнама актілерінің әсерін бағалау жүйесі порталында жарияланған жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі қаулысының жобасында.
Жобаға сәйкес жоғарыда аталған құжат Президенттің "Әйелдердің еңбек құқықтарының кепілдіктерін одан әрі күшейту және кәсіпкерлік қызметін қолдау жөніндегі шаралар туралы"қаулысына сәйкес қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Өзбекстан әйелдеріне тыйым салынған жұмыстардың тізіміне 44 мамандық түрі кіреді. Олардың ішінде мұнай мен газ өндіру, қара металлургия, құрылыс, монтаждау және тау-кен жұмыстары бар. Тыйым салынған мамандықтар қатарында сүңгуір, бұрғылаушы, жүк тиеуші, құбырларды престеуші, болат құюшы, тас қашаушы т.б. бар.
Бұл тізімнің орнына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев әйелдердің денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін, бірақ оларға тыйым салмайтын салалардың немесе кәсіптердің ұсынылған тізімін құруды тапсырды


Жаңалықтармен бөлісу: