Жұма күні Қазақстанның басым облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан аумағының оңтүстік бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, онымен байланысты атмосфералық фронттар жаңбыр жауғызады. Қазақстанның қалған аумағына жоғары атмосфералық қысым алаңы ықпал етеді, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшейеді, солтүстігі мен шығысында жаяу сырма соғады, солтүстік-батысында көктайғақ болады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -5-7.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +11+13, түнде -2-4.
Шымкентте жауын-шашынсыз. 2-6 м/с жел соғады, кей жерлерде 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +1+6, күндіз +4+16.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі, түнде жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -8-13.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -7-12.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі, түнде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде -3+2.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде -3+2.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел күшейеді, түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +8+13, түнде -2-7.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +4+9, түнде -3-8.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде 0+5.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +3+8, түнде 0-5.
Батыс Қазақстан облысында да кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0-5, түнде -4-9.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3-8, түнде -10-15.
Қарағанды облысында да кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -2+3, түнде -8-13.
Қостанай облысында түнде кей жерлерде аздаған қар күтіледі, тұман, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -6-11.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -2+3, түнде -5-10.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, шығысы мен оңтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Қазақстанның жазықтық аумағындағы су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.

adimage