Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Астана. 19 сәуір. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды, тек батысында, солтүстігінің шеткі аймақтарында ғана жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, күн күркірейді, көктайғақ, жел тұрады, оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жауын-шашынды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз екпіні 15-20 м/с болады Ауа температурасы түнде -3-5 шамасында, күндіз +1+3.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауады, күн күркірейді. 0-5 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10+12, күндіз +22+24.
Шымкентте күн күркірейді, 4-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+20, түнде +12+14.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, ертеңігсін және күндіз екпіні 23-28 м/с болады, оңтүстік-батысында 30 м/с және одан жоғары. Күндіз +18+23, түнде +10+15.
Түркістан облысында кей жерлерде бұршақ жауады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +17+22, түнде +11+16.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде күн күркірейді, түнде кей жерлерде күн аздаған қар жауады, 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз +11+16 (оңтүстігінде +20), түнде +2+7 (оңтүстігінде +10).
Ақтөбе облысында кей жерлерде төменнен сырма осғады, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 23 м/с болады. Күндіз ауа температурасы +7+12, түнде 0-5.
Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз асым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +1+6, түнде -3-8.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде көктайғақ, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +3+8, түнде 0-5.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр ажуады, түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, кей жерлерде көктайғақ, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде -3-8.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 26 м/с болады. Күндіз +5+10 (солтүстік-шығысында 0), түнде -3-8.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде 0-5.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +8+13.
Атырау облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде 0-5.
Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде -2+3.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде -4-9.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +2+7, түнде -5-10.
«Алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы, шығысындағы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін. ШҚО өзендерінде ауа температурасының жылынуынан және жауын-шашын салдарынан мұздардың ары қарай еруі жалғасады, жерглікті және беткейлік ағыстар қалыптсады, өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Жазықтық аумақтардағы жекелеген өзендерде (Ақмола, БҚО, Қостанай облыстарында) және республиканың орталығында су деңгейінің құбылуы байқалады, көбіне су көлемі азаяды. Державинск қ. – Тоқсанби а. Маңындағы есл өзенінде, сонда-ақ Сергевский су қоймасынан төмен орналасқан гидрологиялық бекеттерде (Новоникольское-Долматово а. Маңында) су деңгейінің көтерілуі жалғасады, халықаралық маңыздағы Челябі-Новосібір тас жолының 528 ш. судың жайылуы мүмкін», - деді синоптиктер.


adimage