Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Астана. 15 наурыз. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде жауын-шашынды, тек республиканың батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте төменнен сырма соғады, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар). Кейде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 9-14 жел тұрып, солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз 0+2, түнде 0-2.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +15+17, түнде +2+4.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +21+23, түнде +6+8.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, түнде кей жерлерде – аздаған қар аралас жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с болады, күндіз кейде 30 м/с және одан жоғары. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ. Күндіз -3+2, түнде 0-5.
Ақмола облысында кей жерлерде жауын-шашынды, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жел тұрады, кейде 30 м/с және одан да жоғары, кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ. Күндіз -3+2, түнде -3+2.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, түнде барлық өңірде – аздаған қар аралас жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с болады, кей жерлерде тұман, бұрқасын көктайғақ. Күндіз -4+1, түнде -2-7.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, тұман. Күндіз -1+4, түнде 0-5.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде -2-7.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, тұман, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде -2-7.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +13+18 (оңтүстігінде +25), түнде +5+10.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +16+21, түнде +2+7.
Алматы облысында да жауын-шашынсыз, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +13+18, түнде +1+6.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз +10+15, түнде +1+6.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Атырау облысында да жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде -3-8.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашын күтіледі, көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +5+10.
«Алдағы тәулікте ауа температурасының көтерілуіне және оң ауа температурасының сақталуына байланысты республиканың батысында, орталығы мен солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі жалғасады, қар суы мен ағын сулар қалыптасады деп күтілуде», - деді синоптиктер.

adimage