Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтіледі

Астана. 22 қараша. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде антициклоонның ықпалында болады, соғанбайланысты жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтіледі, тек солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандар арқылы атмосфералық фронталды бөліктер өтеді, соған орай кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді», - делінген хабарда
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз -15-17, түнде -23-25.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0-2, түнде -6-8.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кейде жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз -1+1, түнде -2-4.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, көктайғақ. Күндіз -3+2, түнде 0-5 (солтүстігінде -15).
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5 (оңтүстігінде 0+4), түнде -9-14.
Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -2-7, түнде -8-13.
Қостанай облысында да кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -8-13, түнде -17-22.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -12-17 (оңтүстігінде -8), түнде -20-25 (оңтүстігінде -12-17).
Алматы облысында тауларда аздаған қар жауады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0-5, түнде -6-11 (солтүстігінде -25).
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -18-23, түнде -22-27.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -2-7, түнде -12-17.
Батыс Қазақстан облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз -2-7, түнде -10-15.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -5-10, түнде -13-18.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз -10-15, түнде -16-21.
Ақмола облысында да кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз -15-20, түнде –21-26.
Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз -13-18, түнде -20-25.
«Алдағы күндері республиканың шығысындағы, солтүстігі мен орталығындағы таулы өзендерде мұз қату ары қарай жалғасады, су деңгейі құбылады, су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Республиканың оңтүстік- шығысындағы көптеген өзендерде мұз қату күшейеді», - дейді синоптиктер


adimage