Жұма күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 8 қараша. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның батысы мен оңтүстік облыстарында атмосфералық антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-батысындағы, солтүстігі мен шығысындағы өңірлерде циклон және онымен байланысты атмсфералық фронттардың ықпалымен жауын-шашын күтіледі, жел тұрады, бұрқасын, көктайғақ. Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман түседі», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, ертеңгісін және күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +2+4, түнде 0-2.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман, жолдарда көктайғақ. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0 шамасында, күндіз +5+7.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +10+12, түнде -1-3.
Ақмола облысында кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, тұман, басым бөлігінде 15-20 м/с жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз 0+5, түнде -2+3.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын. Күндіз 0+5, түнде -2+3.
Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын. Күндіз +1+6, түнде -3+2.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-23 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде 0-5.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған тұман түседі, көктайғақ, 15-23 м/с жел тұрады, төменнен сырма соғады. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Қарағанды облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін тұман түседі, күндіз көктайғақ, төменнен сырма соғады. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде -1-6.
Түркістан облысында да кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде -3+2
Атырау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +7+12, түнде 0+5..
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде +3+8.
Алматы облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +2+7, түнде -3+2.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз Күндіз +10+15, түнде -2+3.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +9+14, түнде +1+6.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +8+13, түнде -2+3.
«Алдағы күндері республиканың шығысындағы, оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы жекелеген таулы өзендерде су көлемінің құбылуы байқалады. Республиканың солтүстік жартысындағы өзендерде су бетінің салқындауы күтіледі», - дейді синоптиктер


adimage