Жұма күні KASE индексі 0,36%-ға 2158,99-ға түсті

Алматы. 16 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,36% -ға 2166,78 -ден 2158,99-ға дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 4,2% түсіп, Т3854,5 млн. немесе $9958,8 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,2%) және «Кселл» АҚ (+1,3%) акцияларының бағасы өскен.
Ал KAZ Minerals PLC (-2,7%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,1%), «KEGOC» АҚ (-0,2%), «Қазақтелеком» АҚ (-0,004%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,3%) акцияларының бағасы түсті.

adimage