Жұма күні KASE индексі 3,48%-ға түсіп, 2222,59-ға жетті

Алматы. 28 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 3,48% -ға 2302,72-ден 2222,59-ға дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 3,5 есе өсіп, Т171,9 млн. немесе $452,6 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,4%), KAZ Minerals PLC (-5,4%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-6,5%), «Кселл» АҚ (-2,8%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (-1,9%), «Қазақтелеком» АҚ (-4,7%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-3,3%) акцияларының бағасы түсті.

adimage