Жұма күні Нұр-Сұлтанда және төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Жұма күні Нұр-Сұлтанда және төрт облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қ.: 08 қарашада көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
08 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Көкшетау қ.: таңертең және күндіз 08 қарашада көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
« 8 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік бағытына ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: 8 қарашада көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік бағытына ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай қ: 8 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«8-10 қарашада Атырау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Атырау қ.: 8 қарашада тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - деді «Қазгидрометтен».

adimage