Жұма күні Қостанай және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 10 қазан. ҚазТАГ – Жұма күні Қостанай және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«11 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, солтүстік-батыстан соғатың желдің күші 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
11 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage