Жаңаөзенде ер адам кәмелетке толмаған қызға қатысты азғындық жасады деген күдікпен ұсталды

   Ақтау.29 мамыр.ҚазТАГ- Жаңаөзенде ер адам кәмелетке толмаған қызға қатысты азғындық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды «Лада».
  «28 мамырда сағат 17:00 шамасында "102" кезекшісінің пультіне Жаңаөзендегі 4 шағын ауданда ер адам кәмелетке толмаған қыздың интимдік жерлеріне қол тигізгені туралы ақпарат келіп түсті. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 124 - бабы бойынша Жаңаөзен полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді”, - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.
   Тұрғындардың айтуынша, ер адам алты жасар қызды шешіндіріп, оның әуретті жерін ұстай бастаған.
  37 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

adimage