Жамбыл облысында бұзылған автобустан шамамен 30 шақты жолаушы құтқарылды

Астана. 28 қараша. ҚазТАГ – Жамбыл облысында бұзылған автобустан шамамн 30 шақты жолаушы құтқарылды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің (ІІМ) төтенше жағдайлар комиетінің (ТЖК) баспасөз қызметінен.
«27 қарашада Жамбыл облысының Қордай ауданында «Алматы-Ташкент» тасжолының 240 шақырымында «Шымкент-Алматы» бағытымен жолға шыққан «Yutong» маркалы автобус техникалық ақауға байланысты бұзылып қалған. Жолаушылар автобусының салонында 45 адам, соның ішінде 5 бала болған. Олардың барлығы Қазақстан азаматтары. Жедел жеткен құтқарушылар мен полицейлер Қордай ауылының автовокзалына 26 жолаушыны, соның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Олар кейін «Sprinter» шағын автобусымен Алматы қаласына жеткізілді», - деп хабарлады бейсенбіде ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Сондай-ақ, хабарда айтылғандай, эвакуациядан бас тартқан қалған 19 жолаушы жол жөнекей кетіп бара жатқан автокөліктерге мініп кетті.

adimage