Жамбыл облысында екі жолаушылар автобусы, минивен мен жүк көлігі соқтығысты

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Жамбыл облысында екі жолаушылар автобусы, минивен мен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлады «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Төрт көліктің соқтығысуы Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 239 шақырымында Жамбыл облысы Қордай ауданы Благовещеника ауылынан алыс емес жерде орын алды. Алдын-ала болжам бойынша жүк көлігінің жүргізушісі Алматыға қарай кафеден басты жолға шыққан, ол жолдың қауіпсіз екеніне мән бермеген, сондай-ақ осы бағытта келе жатқан Honda Odyssey маркалы минивенмен арадағы қашықтықты есептемеген. Минивен «КамАЗ» - дың алдынан соққан. Бұл кезде екі жолаушылар автобусы бір-бірінің артында Тараздан Алматыға қарай келе жатқан. Бірінші авобустың жүргізушісі ЖКО-ны байқап қалып, тежеуішін басқан, ол КамАЗ-дың жанынан соққан. Екінші автобус ара қашықтықты сақтамай бірінші автобусқа соққан», - деді дүйсенбіде ұлттық компанияның баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай.
Ол нақтылағандай, қатты соққыдан бірінші автобустағы төрт жолаушы түрлі деңгейдегі жарақат алған, оларды Қордай аудандық орталық ауруханасының жедел медициналық көмек дәрігерлері алып кеткен.
«КамАЗ»-дың жүргізушісі мен екі жолаушылар автобусының төрт жүргізушісі (әрқайсысынан екеуден), минивеннің жүргізушісі мен жолаушысы тек қорқып қалған. Бірінші автобуста 25 жолаушы, екінші автобуста 20 жолаушы, минивенде екі жолаушы және оларға қоса барлығы 5 жүргізуші болған. Аталмыш жол бөлігінде тиісті белгі қойылған. Сондай-ақ, атап өтелік, ЖКО кезінде тұман болған», - деді Ордабай.

adimage