Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан ұлтаралық ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Тараз. 1 желтоқсан. ҚазТАГ – Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан ұлтаралық ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсынан.
«Жамбыл облысының Полиция департаментімен ұзақ мерзімді жедел іс-шаралардың нәтижесінде облыс прокуратурасымен бірлесіп, Жамбыл өңірінде аса ірі мөлшерде героин есірткі затын өткізумен айналысатын қылмыстық топқа қатысты ауқымды арнайы операция жүргізілді», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Арнайы операция барысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топтың алты мүшесі бір мезгілде ұсталды.

adimage