Жамбыл облысында мектеп директоры пара алу күдігіне ілікті

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Жамбыл облысында мектеп директоры пара алу күдігіне ілікті, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
«Байзақ ауданының әкімдігі білім бөлімі» ММ Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп директорына қатысты сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол азаматтан мектепалды даярлық класынан бастауыш сынып мұғалімі ретінде ауыстыруы және оған жалпы қолдау көрсетуі үшін Т90 мың көлемінде пара алды деген күдікке ілінген», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, «күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі тергеу амалдарын жылдамдату туралы өтініші мен келуге міндеттелуіне байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ».

adimage