Жамбыл облысында жол талғамайтын көліктен ширек тоннадан астам марихуана табылды

Алматы 11 қыркүйек. ҚазТАГ - Жамбыл облысында жол талғамайтын көлігінен ширек тоннадан астам марихуана табылды, деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Бірлік - Мойынқұм - Ұланбел тас жолының 33-ші шақырымында Жамбыл облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Шу қаласының 40 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Runner көлігін ұстады. Ер адам салмағы 287,5 келі болатын 12 қап кептірілген марихуана алып жүрген», - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (есірткіні, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау,  сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады полициядан.

adimage