Жанболат Мамай Қытайдан қашқан қазақтар туралы: Біз қарсылық акцияларына дайынбыз

Алматы.10 желтоқсан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстан демкоратиялық партиясын құруға бастама көтерушілер Қытайдан қашқан қазақтарды қорғауға бағытталған үлкен қырсылық акцияларына дайын, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Кастер Мусаканулы мен Мурагер Алимулын қорғау – бір бастамашыл топтың немесе қоғамдық ұйымның ғана ісі емес, бұл бүкіл қоғамның, елдің ісі. Біз оларды қорғауға белсенді атсалысуға ниеттіміз, барлық бей-жай қарамайтын азаматтардың қолын жинау бойынша үлкен кампания бастауға дайынбыз. Оларға қатысты сот процесін жіті қадағалайтын боламыз, егер оларды Қытайға беретіндей қауіп төнсе, онда біз үлкен қоғамдық кампаниялар өткізетін боламыз. Ол қарсылық акциясы да, қоғамдық петиция да болады, біз бәріне дайынбыз», - деді дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында ҚДП құруға бастамашы Жанболат Мамай.
Сонымен қатар ҚДП құруға бастамашылар егер Кастер Мусаканулы мен Мурагер Алимулы Қазақстанда қалатын болса, онда ҚХР-дағы олардың туыстары мен жақындарына көрсетілер қысым күшейтілетінін де жоққа шығармайды.
«Оларды берсек те, бермесек те, олардың туыстарына қазір де қысым көрсетілуде және ол жалғаса береді,ол анық. Қытай – барынша авторитарлық мемлекет, оның үстіне ол бір ғана партияның идеологиясымен жүреді, коммунистік партияның, ал олардың келіспейтіндерге не жасайтыны – ол жақсы белгілі, туыстарына мықты қысым көрсетіледі. Оның үсіне бұл жағдай сол жақта қысымға ұшырып жатқандарға көшу туралы да, қашу туралы ойламауға да көрнекі мысал болады», - деді ҚДП құруға бастамашы Төлеген Жүкеев.
Соған байланысты ол бүкіл қазақстандық қоғамның тарихи парызы мен моралдық міндеттемелері – қазақтарға болысу: шекарадан өтіп, өздерінің тарихи отандары Қазақстанға келгендерді де, ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономды округінде тұрып жатқандарын да.
«Егер біз қазір олар үшін болыспасақ, біз болашақта өзімді қорғай алмаймыз. Және бұл ретте біздің биліктің ұстанымы өте масқара. Мүмкін біз сондай мықты ел емес те шығармыз, бірақ тарихта екі-бес отандасымыз үшін гуманитарлық интервенция жасалған кездер болған. Егер біздің отандастарымыз еліне қашқан болса - біз оларды қорғауымыз керек. Алайда жасқаншақтық, айтпасқа болмайды, біздің биліктің қорқақтығына шек жоқ. Осылайша, биліктің қауқарсыздығынан бүкілқазақстандық қоғам, өздерін біздің елге, ортақ отанымызға қатысы бар деп санайтындар, біртұтас болып осы екі қазақтаң және Синьцзянде қысымға ұшырап жатқан түркітілдес халықтың тағдыры үшін алаңдауы керек», - деп баса айтты Жүкеев.
Оның үстіне, ол қазақтарды толықтай отанына қайтару мәселесін өзектілендіру мәселесін қарау керек деп санайды.
«Көшіру – ең жақсы шешім емес, бірақ сәйкестігін толықтай жоғалту мәселесі туындайтын қайғылы жағдайлар болады. Және сондықтан біз егер қазақтарға ары қарай да осындай қарым-қатынас жасалатын болса, оларды толығымен отанына қайтару мәселесін өзектілендіру жағдайын алға тартамыз», - деп мәлімдеді саясаткер.
Бұл ретте ол қоғамда қытайдан қорқу сезімін еш ұялатқысы келмейтінін атап өткен.
Сонымен бірге, Жүкеев ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары- ҚР ҰҚК шекара қызметінің директоры Дархан Ділмановтың Кастер Мусаканулы мен Мурагер Алимулының қалай болғанда да ҚХР билігіне тапсырылады деп мәлімдеуі «биліктің осы сықылды әрекетіне қоғамның көзқарасы қалай болар екен деген» әрекеті болуы да мүмкін деп санайды.
Еске салсақ, 5 желтоқсанда ҚР ҰҚК баспасөз қызметі әлекуметтік желіге ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Ділмановтың Қытайдан Қазақстанға саяси қорған іздеп қашқан екі этникалық қазаққа қатысты сұхбатын жариялаған. Сұхбатта ол «сот және барлық қылмыстық жауапкершілік аяқталғаннан кейін» аталмыш азаматтар ҚХР-ға тапсырылады деп мәлімдеген еді.
Бұған дейін хабарланғандай, 14 қазанда ҚазТАГ ХАА Кастер Мусаканұлы мен Мурагер Алимулы – этникалық қазақтар, Қытай азаматтары, 1 қазанда шекарадан заңсыз өткендер. Олардың айтуынша, олар қытайлық биліктің этникалық азшылықты қудалауынан қашып келген. 10 қазанда олар билікке беріліп, өз жағдайларын айтып, Қазақстаннан саяси қорған сұрау үшін Алматыға жеткен. Кейін екеуі де қамауға алынды.


adimage