Жапонияда карантиннен кейін тағы екі қазақстандық құрлыққа шығарылды

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Жапонияда карантиннен кейін тағы екі қазақстандық құрлыққа шығарылды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Бүгін Diamond Princess круиздік лайнеріндегі тағы екі біздің азамат құрлыққа шығарылды. Қазір олар Токиодағы қонақүйлердің бірінде. Аталмыш кемедегі біздің барлық азаматтарымыз коронавирусты анықтайтын тесттен өтті. Нәтижелері теріс. Олар ертең елге оралады деп күтілуде. Атап өту керек, біздің дипломаттар Токиода бірінші күннен бастап отандастырмызбен байланыста болып, барлық қажетті консулдық-құқықтық көмекті көрсетті», - делінген жұмадағы хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 75,5 мыңнан асады, қайтыс болғандар - 2236, 18,2 мыңнан астам адам жазылды.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты.
13 ақпанда белгілі болғандай, төрт қазақстандық Жапония жағалауында оқшауланған Diamond Princes круиздік лайнерінде болды. 17 ақпанда ҚР СІМ Жапонияда круиздік лайнер бортындағы қазақстандықтар – екі әйел мен сегіз және он екі жасар екі бала коронавирус жұқтырмаған.

adimage