Жастар саясаттың қалыптасуына белсенді қатысуы керек – БҰҰ бас хатшысы

Алматы. 24 маусым. ҚазТАГ – Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) бас хатшысы Антониу Гутерриш жастар саясаттың қалыптасуына белсенді қатысуы керек деп санайды, деп хабарлады БҰҰ баспасөз қызметінен.
«Жастар саясаттың қалыптасуы мен шешімнің қабылдануына белсенді қатысуы керек, себебі олардың болашағы соған байланысты болмақ. 1995 жылы қабылданған жастарға қатысты бүкіләлемдік іс-қимылдар бағдарламасы жастармен жұмысты үйлестіруде басшылыққа алынып, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейте алады», - деді Гутерриш Лиссабондағы жастар форумында.
Ол жаңа, тарихтағы ең көп жас ұрпақ алдында күрделі мәселелер тұрғанын атап өтті. БҰҰ басшысы заманауи жастар тап келіп жатқан мәселелерді еске салды.
«Жер шарындағы жастардың бесінші бөлігінің жұмысы мен білімі жоқ. Төртінші бөлігі қарулы қақтығыстар мен зорлық-зомбылықтан зардап шегуде. Миллиондаған қыздар кәмелетке толмай ана атанып жатыр. Ғаламтаордағы улау секілді құбылыстар жағдайды қиындата түсті; жыл сайын 67 мың жасөспірім өмірін суицидпен аяқтауда», - деді бас хатшы.
Сонымен қатар, ол атап өткендей, егер жақын арада халықаралық қауымдастық климаттың өзгеруі, теңсіздік пен шыдамсыздық секілді проблемалардың шешімін таппайынша оның салдары қазіргі жас ұрпақ үшін апатты болады.
«2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы күн тәртібі мен төрт жыл бұрын БҰҰ мүше-елдері қабылдаған климат бойынша Париж келісімі - бұл бүгінгі таңдағы жаһандық мәселелерді шешу жолы», - деп атап өтті БҰҰ бас хатшысы.
Сондай-ақ, ол гендерлік теңсіздік мәселесін шешу қажеттілігін еске салды.
«Біз халықтың тең жартысының толыққұқылы қатысуынсыз мықты, әділ қоғам құра алмаймыз. Және мен осы саладағы бұл жағдайдың бүкіл әлемде ақырын өзгеріп жатқанын көріп келемін», - деді Гутерриш.

adimage