Журналистер Назарбаевтың құрметіне «Астана-Операда» қысыммен операға дайындалып жатқандары туралы білді

Алматы. 25 маусым. ҚазТАГ – Журналистер Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне «Астана-Операда» қысыммен опера дайындап жатқандары туралы біліп қалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бұл ретте белсенді және керемет жастарымыз уақыттарын текке өткізіп жатқан жоқ. Жарайды, ескерткіш. Жарайды, траур. Ал мында мәжілістің вице-спикері Гүлмира Ісімбаеваның 20 жасар ұлы Рахат Би Әбдісағын (бір жерінде дефис болу керек сияқты) Елбасыға арналған бүтіндей бір опера жазған. Ол «Күнмен нұрланған жол» («Путь, освещенный солнцем») деп аталады. Маған бұл туралы «Астана Опера» әртістері жасырын түрде жазды. Олар оны орындаудан бас тартқандарын, бірақ оларды жұмыстан шығарамыз деп қорқытқанын жазды. Енді қазір дайындықта отыр, 6 шілдеге дайындалып жатса керек», - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында журналист Әсем Жәпішева сейсенбі күні.
Ол операдан үзінді де келтірген.
«Мүмкін кеш болмай тұрғанда жаттап алу керек шығар? Жаратушының Жердегі әмірін орындаушы. (Призванный выполнять волю Творца на Земле). Жаратушының Жердегі әмірін орындаушы. Жаратушының Жердегі әмірін орындаушы. Жаратушының Жердегі әмірін орындаушы. Әмірін орындаушы», - деп айтып шыққан Жәпішева.
Бұған дейін «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметовтың ұсынысы қоғамдық резонанс тудырған еді. Ол Алматыда Назарбаевпен кездесуде Елбасы құрметіне кезекті ескерткіш орнатуды ұсынған еді. Ахметовтың аталмыш ұсынысты барлық қазақстандық жастардың атынан-мыс деп жасағаны қазақстандықтардың ашуын тигізген еді.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады. Ол 12 маусымнан бастап мерзімінен бұрын өткен сайлау қорытындысы бойынша ресми түрде Қазақстан президенті болып жарияланды.

adimage