Айналымға енгелі бері теңге долларға қатысты 82 еседан астам арзандады

Күні: 10:55, 11-12-2019.

Алматы. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Айналымға енгелі бері теңге долларға қатысты 82 еседан астам арзандады: 1993 жылы бірінші саудада тіркелген Т4,68-ден 6 желтоқсанда ҚР Ұлтық банкі бекіткен Т385,76 дейін – бұл Ресей мен Өзбекстанға қарағанда аз, Қырғызстанға қарағанда көп.
Бұл ретте, 1993 жылы бағаның 500 рет қолдан төмендетілгенін еске салу керек: ақша Т1 үшін 500 кеңес рублі бағамы бойынша өзгерді. Ол кезде көңілді болғандай еді, 1 кг ет Т6, қоғамдық көліктегі жолақысы 10 тиын, ақ нан бөлкесі – 60 тиын. Т10 мыңға 1,6 астам тонна ет сатып алуға, 100 мың рет автобуспен айналып келуге болады және 16,6 мың ақ нан сатып алуға болатынын есептеу қиын емес.
Бүгінгі таңда сол Т10 мыңға тек шамамен 5,5 кг ет (1 кг еттің бағасы Т1,8 мың болса), 67 рет («Оңай»-сыз жолақысы Т150 болса) қоғамдық көлікпен жүруге немесе 125 рет («Оңаймен» бағасы Т80 болса) жүруге және 125 ақ нан бөлкесін сатып алуға болады.

Өзбекстанға қиынырақ болды
Алайда ұлттық валюта девальвациясының қарқыны одан да жоғары болған елдер бар. Бірінші, ойға келетіні – ол географиялық көршіміз Өзбекстан. Олар сомға кезең-кезеңімен көшті. Алдымен 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап сум-купонды айналымға енгізді, ол 1961-1992 жылдардағы үлгідегі кеңес рубліне 1:1 бағамымен айырбасталды. Және тек жеті айдан кейін ғана сум-купондардың орнына 1:1000 бағамымен айырбасталған сум айналымға шықты.
Өзбек ұлттық валютасы енгізілген кезде өте жоғары бағаланды - $1 үшін 7 сум берді. 2019 жылдың 6 желтоқсанындағы жағдай бойынша Өзбекстан орталық банкі (реттеуші) $1 үшін 9510,99 сум бағамын бекітті. Яғни енгізілген күннен бастап өзбек сумы АҚШ долларына қатысты 1358,7 еседен астам арзандады.

Қырғыздар ақылды болып шықты
Бұл ретте ұлттық валютаның арзандау қарқыны өте төмен елдер де бар.
Сонымен Қазақстанның тағы бір көршісі Қырғызстанда ауысу 1993 жылдың 10 мамырында таңғы сағат 4-тен басталды, сол кезде ҚР Ұлттық банкі номиналдары 1, 5 және 20 сом және номиналдары 1, 10 және 50 тиын болған банкноттарды алғаш рет айналымға енгізді. Бұл елде кеңес рубльдері мен қырғыз сомдары 1993 жылдың 14 мамыры сағат 18-ге дейін қатар жүрді.
Айтпақшы, кеңес рубльдерін сомға айырбастау 200:1 бағамы бойынша жүрді. Алайда қолма-қол сомдардың тапшылығынан кеңес рублінің айналымда жүруін баста 17-21 мамырға дейін, сосын 3-4 маусымға дейін созды, сосын 260:1 бағамы бойынша жүрді. Бұл ретте айырбастау дерегінің өзі паспорттың «ерекше белгілер» бөлігінде көрсетілді.
Егер енгізілген сәтте $1 үшін 4,145 сом берсе, онда 2019 жылдың 6 желтоқсанындағы жағдай бойынша – 69,85 сом болды. Яғни қырғыз сомы қолданысқа енгізілгелі бері АҚШ долларына қатысты 16,8 еседен астам арзандады.

Ресей рублі оңбай құлады
Сонымен бірге Қазақстан ұлттық валюта девальвациясы қарқынын салыстыруға міндетті тағы бір ел бар. Бұл – Ресей. Ортақ сауданың барынша үлкен бөлігінің соған кететіні үшін ғана емес (2019 жылдың қаңтар-тамызында Қазақстандағы ішкі сауда көлемі $62,1 млрд құрады, оның ішінде $12,25 млрд РФ-ға тиесілі), сонымен қатар, оның Еуразиялық экономикалық одақтағы рөлінің басымдығына байланысты.
Ашық ақпарат көздерінен белгілі, қазіргі заманғы ресейлік рубль 1991 жылдың желтоқсанында жарыққа шықты және 1993 жылғы қыркүйекке дейін кеңестік рубльмен қатар жүріп келді. 1961-1991 жылдары шығарылған барлық кеңестік монеталар, сондай-ақ 1961 жылға дейін шығарылған 1, 2 және 3 копейка түріндегі монеталар заңды төлем құралы ретінде 1998 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылып келді, ал 1999-2002 жылдары 1000:1 ара қатынасында ресейлік ақшаға алмастыруға жарады.
Сонымен, Ресей Банкі сайтындағы ақпарға сәйкес, 1991 жылдың желтоқсанында $100 үшін 55,71 рубль берілген, немесе $1 – шамамен 0,56 рубль. 2019 жылғы 6 желтоқсандағы жағдай бойынша реттеуші келесі бағамды бекітті: $1=63,81 рубль. Яғни айналымға енгізілген сәттен бастап ресейлік рубль 114 рет арзандады.

Етке айналдырсақ
Теңге ресейлік рубль немесе өзбек сомына қарағанда аз деңгейде девальвацияға ұшыраған деп қуануға кеңес бермеген болар едім. Оған қоса теңге қырғыз сомына қарағанда көп құнсызданған екен деп қайғыруға да болмайды.
Неге?
Ет бойынша үш валютаның сатып алушылық қабілетін бағалап көрелік. Бұл азды-көпті объективті ақпар алуға жеткіліксіз әрине, десек те болжамдап болса да түсінік қалыптастырады.
Сонымен, ҰЭМ статистика комитетінің сайтында ҚР-да орташа айлық жалақы Т197 067 құрайды деп көрсетілген, бұл ретте мемлекеттік статистиканың Федералды қызметінің ақпары бойынша РФ-да орташа айлық жалақы 46 мың рубль, немесе қазақстандық ұлттық валютаға аударғанда Т276 мыңды құрайды. Ал 1 кг еттің бағасы 346 рубль тұрса, немесе Т2076, онда орташа айлық жалақысына ресейлік 133 кг ет сатып ала алады, ал қазақстандық (1 кг Т1,8 мың болса) – тек 109 кг сәл көптеу сатып ала алады.
ҚР Ұлттық статистика комтетінің ақпарына сәйкес орташа айлық жалақы 16 мың сомды құрайды, ал 1 кг сиыр етінің орташа бағасы – 320 сом. Сонда қырғызстандық орташа жалақысына 50 кг ет сатып ала алады.
Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің ақпарына сәйкес статистика бойынша Ташкенттегі орташа жалақы 3,2 млн сом. Ал өңірлерде одан да аз алады- 1,8 млн сомнан 2,8 млн сомға дейін. 1 кг сиыр етінің бағасы сапасына қарай 39 мыңнан 50 мың сомға дейін тұрады. Яғни Өзбекстан астанасының тұрғыны орташа жалақасына 82 –ден 64 кг. дейін ет сатып ала алады, ал өңір тұрғындары 46-36 және 72-56 кг дейін ет сатып ала алады.
Сонда теңгенің сатып алушылық қабілеті ресейлік рубльден сәл төмендеу болғанымен, өзбек сумы мен қырғыз сомынан алда.


Жаңалықтармен бөлісу: