Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкіметті тарату туралы шешімі әлеуметтік шиеленіс кезінде қабылданып отыр.

Күні: 19:08, 28-02-2019.

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Әмір Қасенов. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкіметті тарату туралы шешімі әлеуметтік шиеленіс кезінде қабылданып отыр.
«Жүйелі жұмыс жүргізілмеді. Тұрғындардың нақты табысы өспеді. Отбасылардың бюджетінде азық-түлікке деген шығын көлемі арта түсті. Атқарушы органдардың салғырттығынан әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылмаған. Оның үстіне Үкімет мүшелері, министрлер, әкімдер халықпен жұмыс істей алмады, сондай-ақ жұртшылықтың проблемаларына құлақ асып, атқарылып жатқан істер мен саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шамасы келмеді», - деп түсіндірді министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы шешімін Н.Назарбаев бейсенбі күні.
Бұл мәлімдеме Қазақстанның бірқатар өңірлерінде азаматтардың жұмысқа орналастыру және жалақыларын көтеру туралы жаппай талап қоюынан, сондай-ақ ірі қалалардағы, соның ішінде Астана мен Алматыдағы көп балалы аналардың митинг өткізуіне байланысты жасалып отыр. Сонымен қатар, бір күн бұрын Алматы әкімі Бауыржан Байбектің есепті кездесуіне кіруге тырысқан азаматтық белсенділердің ұсталғандығы туралы хабарланған еді. Астана әкімі Бақыт Сұлтановпен және басқа өңір басшыларымен кездесе алмаған басқа қала тұрғындары да наразылықтарын білдірді.
Елдегі әлеуметтік жағдай Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін ушығып кетті. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған. Көптеген қазақстандықтың пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Бұл ретте, аталмыш оқиғаның алдында ғана Н.Назарбаев министрлер кабинетін отставкаға кетуге шақырған болатын. 30 қаңтарда министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысы барысында ол үкімет мүшелеріне қорқақсыңдар деген еді.
«Шешім қабылдау үшін аяқ-қолдарыңыз дірілдейді, сонда не үшін жұмыс жасап жүрсіздер? Маған барлық банктерді тазартыңыздар, сонда өз міндеттеріңізді адал атқарды деп есептейтін боламын, сөйтіп отставкаға кетіңіздер!», - деп мәлімдеді сол кезде Н.Назарбаев.
Атап өтелік, өңірлерде жалақыларын арттыру мен дұрыс жұмысты талап етуші азаматтар өз сөздерінде мемлекет басшысының 2018 жылдың соңында республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатындағы мәлімдемесіне сілтеме жасауда. Сол кезде Н.Назарбаев Қазақстанда әйелі мен күйеуі жұмыс жасайтын отбасының орташа табысы Т500 мың деген болатын. Ресми түрде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең төменгі жалақы Т42,5 мыңды құрады.
Үкіметті отставкаға жіберу туралы қазіргі шешімі қоғамдағы әлеуметтік қарбаластың өршуінен бірінші рет қабылданып отырған жоқ. Бұл туралы Ақорданың хабарына өз пікірлерін білдірген белгілі қазақстанық сарапшылар да еске салды.
«Президенттің үкіметті отставкаға жіберу туралы мәлімдемесіне классикалық схема тән: «Патша жақсы. Боярлары нашар». Айыптаушы көңіл-күйді ұқыпсыз шенеуніктердің жағына қарай ысыра салатын белгілі саяси технология. Ақорда кенеттен жарылуы мүмкін бу қазандығын байқап қалған ба? Тек шенеуніктер ауысқанымен, қазандық сол күйі қалады. Ал мәлімдеменің соңы сайлау алдындағы платформа секілді», - деп түсіндірді мемлекет басшысының мәлімдемесін саясаттанушы Досым Сәтпаев.
Бүгін президент отставкаға жіберген үкімет Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен екі жылдан атсам уақыт жұмыс жасады. Б.Сағынтаевтың өзі министрлер кабинетінің басшысы қызметіне 2016 жылғы резонанс тудырған жағдайлардан кейін келген еді. Ол кезде ел бойынша жерге қатысты митингілер болған еді. Аталмыш митингілерден кейін елде 2016 жылдың желтоқсанынан бастап 2021 жылдың аяғына дейін жерге қатысты реформа өткізуге бағытталған жер заңнамаларының жекелеген нормаларын қолдануға мораторий жарияланды. Аталмыш нормалар жарғылық капиталдағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі 50% асатын шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге уақытша жер пайдалану құқығын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға мемлекет меншігіндегі ауыл шаурашылық бағытындағы жер учаскесіне жеке меншік құқығын пайдалануға беруге қатысты. Қазақстан тәуелсіздік алғалы Б.Сағынтаев басқарған үкімет оныншы болды.
Еске салсақ, бұған дейін Н. Назарбаев министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы шешімін мәлімдеді. Премьер-министрдің муа болып Асқар Мамин тағайындалды.


Жаңалықтармен бөлісу: