BRT: қағаз жүзінде бәрі жақсы болған

Алматы. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматы қаласы Тимирязов көшесінің бойында пайда болған BRT (Bus rapid transit – жедел автобус бағыты) қала көшелеріндегі жеке көліктерді «ығыстырудың» тағы бір әдісі болды. Білмейтіндер үшін айтарымыз, BRT желісі сол жақтағы соңғы жолақта (жүру жолының қақ ортасында) орналасты, осылайша таксистер мен өзге де көлік жүргізушілеріне әр бағытқа қарай бір жолақты қалдырды. Ол аздай көліктің сол жаққа қарай бұрылуына (BRT жолағын кесіп өтіп) тыйым салынды. Бұл автожүргізушілерді одан ары шектей түсті.
Әкімдіктен сендіргендей, Тимирязев көшесі Байзақов пен Жандосов көшелерінің бөлігінде BRT желісін енгізу үшін жайдан жай таңдалып алынған жоқ: оның бойында «шығыс-батыс» бағыты бойынша 12 автобус және 4 троллейбус жүреді. BRT желісі енгізілгеннен кейін билік қоғамдық көлікте жол жүру уақытын 32% азайтуды және жолаушы айналымын 40% ұлғайтуды жоспарлауда. Оның үстіне қыркүйекте желіге жаңа сыйымдылығы жоғары, желдеткіші мен камерасы бар 18 метрлік «баян» автобустар жеткізіледі. Бұл қолайлылықты арттырып, кептеліс кезінде жолаушылардың автобуста қысылуын төмендетеді.
Сонымен қатар, әкімдік жаңа желі енгізілгеннен кейін Тимирязев көшесінің көлік өткізгіштігі айтарлықтай төмендемейді: егер ол BRT енгізілгенге дейін 55 мың болса, кейін 50 мыңды құрайды деп болжануда. Оның үстіне біздің BRT желесі – «ашық» типтегі болып саналады. Яғни қандай да бір ЖКО орын алса немесе автобус бұзылып калса жүргізушілер сол жолақ арқылы айналып өте алады.

Орын жоқ!

Бір қарағанда басымдылық көзге ұрып тұрғандай. Алайда іс жүзінде бәрі басқаша болып шықты. 3 қыркүйектен бастап алматылықтар әлеуметтік желіде түрлі фактілерді жариялай бастады. BRT бойынша жүріп жатқан автобустар сол бойынша жүріп келе жатқан троллейбустарды он жақтан емес сол жақтан, яғни қарама қарсы жолаққа шығып айналып өтіп жатқан. Себебі бірқатар шақырымға созылған «жекеменшіктердің» кептелісі оларды өткізбей қойған.
Оның үстіне 4 қыркүйекте біз жүргізген «ЯндексКептелістер» мониторингі күні бойы Тимирязев көшесінің BRT желісі қосылған ауданындағы қозғалыстың орташа жылдамдығы 10 км/сағ аспаған, кейбір учаскілерде 7 км/сағ және 3 км/сағ дейін жеткен. Осындай жылдамдық болған жағдайда 50 мың дана көлікті өткізу туралы айту оңайға соқпайтын сияқты. Айта кетер болсақ, Тимирязев көшесін айналып өтуге мүмкіндік беретін Сәтпаев көшесі, Абай мен Әлфараби даңғылының бөлігінде де қозғалыс айтарлықтай өзгеше болмады.

Жекеменшік – артық!

Тәуелсіз автомобиль одағының басшысы Эдуард Эдоковтың пайымынша, көлікті дамыту басымдығымен қатар жекеменшіктерді қала көшелерінен ығыстыру жоспарлы түрде жүріп жатыр.
«Егер Тимирязев көшесі бойынша бұрын толық екі жолақ болса, бүгінде ол жалғыз. Сондықтан да ЖКО орын алса оны айналып өтуге мүмкін болмайды және бүкіл көше тұрып қалады. Бұл жобаның ғылыми тұрғыда қаншалықты сауатты жасалғаны туралы баға беру қиын: ағымды есептеу, дәл осындай жобаның қолайлығы, Тимирязеев көшесінің таңдалып алынуының дұрыстығы – осының барлығы істелді ме екен? Дәл Тимирязев көшесі бойынша бар көлік ағымына бір жолақты қалдыру менің ойымша соншалықты дұрыс емес, бұл жалпы қаланың өткізгіштігін айтарлықтай төмендетеді, себебі маңызды күретамырдың бірі «жылғаға» дейін кішірейтіп тасталды. Ағымды бұған дейін бос жатпаған параллель жатқан Сатпаев, Абай көшелері бойынша бөліп тастауға мүмкін бола ма, оны уақыт көрсетеді», - деді ол.
«Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шакуовтың есептеуінше, BRT енгізгенде аса жаман ештеме болған жоқ.
«Бұл не үшін істелді? Тұрақты көлік инфрақұрылымын дамытуға және жолдағы көлік санын азайту үшін. Қоғамдық ұйымның басшысы және тұрақты дамытуды қолдайтын азамат ретінде бұл шешімді қолдаймын. Рас, алғашқы кезде жүргізушілер келіспейді: 30 тамыз - көше толығымен бос, 1-3 қыркүйек – кептеліс (оқу жылы басталған кезде бізде әрдайым көлік ағыны көбейе түседі). Біз автобустарға жолақ бөлгенде де дәл осылай қарсылық танытқанбыз. Болашаққа сеніммен қарайық. Ірі мегаполистерде қоғамдық көліктің игілігі үшін барлығы жасалады – ал біз болса Еуропаға жетуге ұмтылып келе жатқан жоқпыз ба», - деп өз пікірін білдірді ол.
Алайда А. Шакуов BRT енгізуді қолдай отырып билік қоғаммен санаспады деп отыр.
«Неге BRT он жақ жолақта қалдырмай сол жақ жолаққа шығарғаны мен үшін түсініксіз – бізден не қалайтынымызды сұраған жоқ. Біздің қауымдастық жұмыс тобына қатысқан, алайда бұл қалай болды? Бізге бәрі қандай жақсы болатынын айтты, алайда ұсыныс беру туралы мүлдем сөз қозғалған жоқ», - деді ол.

Автобус – осал бала ма

Жалпы барлық алматылықтарды қоғамдық көлікке отырғызу идеясы әзірге іс жүзінде іске аспайтын сияқты.
«Қалалықтар қоғамдық көлікке отыруға дайын емес, себебі әкімдік ыңғайлы қоғамдық көлік ұсынуға дайын емес. Егер BRT енгізетін болсаңыздар – оған ыңғайлы көлік инфрақұрылымын қамтамасыз етіңіздер. Ал, бізде проблемалар ескерілмей енгізілуде. Яғни BRT желісі – бұл жақсы, алайда ол мәселені кешенді шешпейді», - деп есептейді қоғам белсендісі.
Өзімнің тарапымнан толықтырып кетейін дегенім, егер алматылықтардың ең болмаса жартысы бір уақытта көліктерін тастап автобусқа отырамыз деп шешсе онда бүгінде 1,5 мың дана техникасы бар автопарктер бұл ағымды игере алмайды. Тіпті, «баян» автобустар пайда болған күндеде ол мәселені шешпейді, себебі олар резеңкеден жасалған емес. Әкімдіктің жоспарында автопарк техникасын 6 мың данаға жеткізу бар, алайда бұл қашан болады, сонымен қатар қаладағы жеңіл көлік санын олар бүгіннің өзінде азайтқысы келіп отыр емес пе...
Алматының қоғамдық көлігі жеке автомобильдерге бәсекелес бола алмайтыны айқын. Алматы қалалық қоғамдық көлік және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мақсұт Исахов ағымдағы жылдың ақпан айында мегаполистің қоғамдық көлік кестесі жылдамдық, сыйымдылық және автобус сапасы төмен болғандықтан зардап шегуде. Сонымен қатар өзге де көлік түрлерімен интеграция жоқ деп шағымданған. Осы жарты жыл ішінде көп нәрсе өзгерді ме өзі?
Оның үстіне, жекеменшіктермен қатар кептелісте өз «айғыры» жоқ такси қолданушыларда зардап шегеді. Алматылық таксопарктердің бірінің қожайыны, өзін Альберт деп таныстырған азамат BRT тасымалдаушылардың жұмысын қиындататынына сенімді.
«Бұнда екі жол бар. Біріншісі клиентпен Тимирязев бойынша нақты BRT желісіндегі мекен жайға апару үшін жан-жақты келісіп алып, кептелісте тұру. Немесе оны мекен-жайға жеткізбей, төменірек немесе жоғарыдан тастап кету, бірақ мекен-жайға жеткізбегендіктен арзанырақ ақы алу», - деді ол.
Сонымен қатар, экологиялық құрамға қатысты жоспарды тек BRT арқылы жүзеге асыру туралы шешім де сын көтермейді. Әрине, атмосфераға зиянды заттарды шығаруда 40 адамды тасымалдап жатқан автобус ішінде бір ары кетсе екі адам бар 40 көліктің орнына жақсы.
«Бір жерін емдеп жатсақ, екінші жеріне зақым келтірудеміз. Орташа жылдамдығы 4-5 км/сағ болатын кептеліс қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіреді. Қарапайым салыстыру: әдетте мен үшін жұмысқа жету 15 минут уақытты алатын, 3 қыркүйектен бастап бұл уақыт 38 минутқа дейін ұзарды. Бұл автомобиль айдаушылардың жағдайы қаншалықты нашарлағанының айқын көрінісі», - деді Э. Эдоков.

Не істейміз?

Осы ретте BRT енгізілді және алдағы уақытта тек ұзартылатынын түсінуіміз керек (жедел автобус көлігінің дәлізі Мустафина, Рысқұлбеков, Сулейменов, Жандосов, Тимирязев, Желтоқсан, Төле би көшелері, ШААЖ және Құлжа даңғылы бойынша).
А. Шакуовтың пайымынша, бүгінде сананың жаңғыруына уақыт керек: жүргізушілерге Тимирязев көшесінде қозғалыс белсенділігі артқан кезде кептелісте тұрмас үшін барынша сауатты бағыт жасау.
«Зерттеу керек, не кедергі болып отыр, неге кептелістер пайда болуда? BRT учаскесі өте жақсы, оған кіретін және шығатын жерде қандай проблемалар бар соны саралау керек. Сонымен қатар, оны іске асырудағы басты шара ол айыппұл салу емес, ескерту беру . Себебі бұл бірінші кезекте қалаға керек. Уақыт өткеннен кейін түсіністікте келеді. Тимирязев көшесіндегі BRT Бұл Алматы бойынша алғашқысы емес қой, «Орбитада» ол өткен жылдан бері бар.
Арнайы қызметтерге келетін болсақ жедел жәрдем, өрт сөндіру, полиция дабыл қаққыштарын қосқаннан кейін ЖЖЕ шектеулерін сақтамастан адамды құтқара алады», - деп түйіндеді А. Шакуов.
Жалпы, алматылықтар әлеуметтік желіде өткен жылы күзде Орбитада қосылған BRT желісінде жіберілген қателерді атап көрсетуде және Тимирязев көшесінде оны қосу барысында аталған кемшіліктердің ескерілмегенін жазуда. Олардың қатарында сәйкесінше жол белгілерінің жоқтығы, сол жаққа бұрылуға тыйым салуда бар.
Сонымен қатар, қалалықтар автомобиль санын қысқарту бойынша да ұсыныс жасаған – жерасты метросын дамыту, көпдеңгейлі автотұрақтарды салу, автобустардың жолда жүру кестесін қатаң сақтауы және т.б. бар. Бастысы олар жеңіл көлік иелеріне қысым келтірместен - осы жасақтаушыларды кептеліс кезінде автобуста емес жеңіл көлікпен жүріп өтуге шақырады.
«Көшелерді кеңейту, жол айрықтарды салу ұзақмерзімді тиімділікті бермейді, себебі жолды толығымен кеңейте алмайсыз, сондықтан жолды кеңейту тиімділігін жоғалтамыз. Сауатты қаланы жоспарлау, «ақылды» бағдаршам, ақылы тұрақтар – ұзақмерзімді және қымбат шаралар қаладағы кептеліс мәселесін түбегейлі шешпесе де қысымды азайтар еді. Өзім үшін мен жиналатын велосипед сатып алдым, белгілі бір уақытта керек болған жағдайда көлігімді тастап ары қарай сол велосипедпен кете беремін», - деп түйіндеді Э. Эдоков.

P.S. Бір алматылықтың берген ұсынысын бизнеске жасаған үлкен шақыру десе болады. Ол жеке құрылымдарға стационарлық кеңселерден бас тартып жұмысшыларының үйден жұмыс істеуіне рұқсат беру арқылы мобильді кеңсеге басымдық беруді ұсынған. Оның пайымынша «кеңсе планктондары» үйден жұмыс істейтін болса күн сайын жұмысқа және қайтадан үйге жолға шықпайды, осылайша жолдағы көлік саны бірден екі есеге азаяр еді.

adimage