Иранға қарсы эмбарго Ресей мен Қазақстандағы ЖЖМ бағасының көтерілуіне алып келмей ме?

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ - Кемар Машанло. Аталған аптаның басталуына аз қалғанда әлемдік энергетика нарығы АҚШ-тың Иранға қарсы екінші санкцияларын жариялайды деген  қорқынышпен жаман жаңалықтарды күтуде. Дәлірек айсақ, 5 қарашадағы Американың Иранға қарсы мұнайлық эмбаргосын жариялағаннан кейін мұнай бағасының 100 долларға дейін қымбаттауына алып келуі мүмкін, нәтижесінде мұнай өнімдерінің бағасы да өсуі мүмкін.  
«Ағымдағы жылдың IV  тоқсанында ирандық мұнайдың орнын басу үшін  25 өндіруші елдің өзінің мұнай өндірісін арттыратыны туралы жариялағысы келмеуі ұсыныс пен сұраныс арасындағы үлкен теңсіздікке алып келді», - деп атап өтті PVM Oil Associates аға сарапшысы Тамаш Варга санкциялардың күшіне енер алдында жариялаған сараптамалық анықтамасында.
«Нәтижесінде ағымдағы жылы Brent маркалы мұнайдың 100 долларға дейін жетуі мүмкін деп талқылануда», - деп толықтырды ол.
Оның бұл сөзін CNBC америкалық бизнес-жаңалықтар телеарнасы қоштап отыр: «АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның мұнай секторына қатысты санкциялар енгізу құлшынысы әлемдік нарықта мұнай тапшылығын тудыруы мүмкін, бұл өз кезегінде бағаның өсуіне алып келеді».
Жалпы, Иранға қарсы санкциялардың екінші жиынтығы күшіне енгенге дейін қалыптасқан жағдайдың қаншалықты мүшкіл екенін бағалау үшін мұхит асудың қажеттілігі туындамады.
«Қара дүйсенбінің» қарсаңында РФ премьер министрі Дмитрий Медведев жанармай нарығындағы бағаны тұрақтандыру үшін отандық тауар өндірушілерді мұнай мен мұнай өнімдерін шектейтін баж салығын енгіземін деп қорқытуы жай сәйкестік емес. Үкімет басшысы энергетика министріне ресейлік мұнай компанияларымен кездесіп, ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік беретін ортақ шешімге келуді тапсырды. «Осы тақырып бойынша жеке өзіме келіп есеп беретін бол», - деді Д. Медведев.
«Ішкі нарықта қалыптасқан мұнай өнімдерінің бағасына қолдау көрсету үшін жұмыс жоспары жасақталып, нақты келісім қабылданады деп келістік емес пе», - деп РТЖ дамытуға арналған кеңесте еске салған премьер қабылданған шараларға қарамастан мұнай бағасы өсуде екенін атап өтті.
Кейбір бақылаушылар бұл жағдайды бұдан да ерте атап өткен болатын – қазан айының басында Ресей президенті Владимир Путин  әлемдік конъюнктураны «толығымен» қолданып қалу қажеттілігіне сілтеме жасай отырып Ресейде жұмыс істеп жатқан мұнай компаниялары барынша көбірек табыс табуға ұмтылуын әділетсіздік деп бағалады
Егер «әлемдік конъюнктура» бойынша қорқыныш АҚШ ирандық мұнайға эмбарго жариялауы «қара алтын бағасының деңгейін тарихи максимумға жақын деңгейге жеткізеді дегенді білдірсе онда ресейлік басшылықтың бұл қорқынышы да орынды.
Ресстаттың мәліметіне сәйкес, қыркүйектің өзінде бензин өндірушілері бағаны 10% көтерген. Ал, 22 қазандағы мәлімет бойынша жанармай құю станцияларында (ЖҚС) бензин орташа есеппен 43,39 руб. тұрды, теңгелей есептейтін болсақ (1 руб. = Т5,61 бағамы бойынша) 1 л үшін 243 теңгеден сәл көп, дизельді отын – 44,95 руб. (252 теңгеден асады).
ЕАЭО бойынша стратегиялық серіктесімізде болып жатқан жадайға қарамастан бізде бәрі тыныш.
Өздеріңіз бағалаңыздар. Соңғы бір жарым айда және күні бүгінге дейін Қазақстан бойынша дизельді отынның ресми көтерме бағасы мемлекеттік мониторинг операторы – ҚР мұнай және газ орталығының мәліметі бойынша бүгінде 189,01 теңгені құрап өзгеріссіз қалып отыр. Сонымен қатар, Алматыдағы бірқатар ЖҚБ дизелді отынның қымбаттауы (көбіне егін жинау маусымдық жұмыстарға байланысты) көрініс тапқан өткен екі аптадан кейін алғаш рет қарашаның басына қарай жанармайдың бағасы 1 литріне бірден 3 теңгеге 194 теңгеден 191 теңгеге дейін арзандады.
Жанармайдың өзге де түрлеріне қатысты осылай айтуға болады: еліміз бойынша ресми көтерме баға соңғы апталарда өзгеріссіз қалып отыр.
Оңтүстік астанада өткен аптаның басына қарай жиі сатылатын АИ-92  бензин маркасының 1 л (ресми баға 155,57 теңге) 2 теңгеге қымбаттады. Оның төменгі баға межесі 151-ден 153 теңгеге дейін көтерілді, осы ретте оған деген баға шашыраңқылығы 153-тен 156 теңгеге дейін өзгерді.
Жанармай компанияларының  ЖҚБ өзге де бензин маркаларының бағасы 7 қарашадағы жағдай бойынша өзгеріссіз қалды: АИ-95 – сәйкесінше 167-ден 180 теңгеге дейін (ресми мәліметтер бойынша елімізде  – 175,03т); АИ-98 – 189-212 теңге аралығында (191,44т).
Алайда .... Қазақстан мен Ресейдің экономикасы өзара тығыз байланысты (ЕАЭО-қатысушы өзге елдердікі де). Жалпы өзара байланыс туралы айтқанда тек көмірсутегі саласын ғана емес, көптеген өзге де салаларды атап өтуге болады. Оның ішінде қаржы саласы да бар, мысалы, рубль мен теңгенің өзара тәуелділігі.
АҚШтың ирандық мұнайдың экспортын нөлге жеткізгісі келетін эмбаргосы Ресейге қарсы санкциялармен бірлесіп солтүстіктегі көршіміздің жанармай секторындағы бағаның өсуіне алып келмейтініне кепілдік қайда бар?
Әрине, мұндай кепілдікті ешкім бере алмайды. Осы ретте, бірқатар мамандар әлемдік көмірсутегі нарығына  иранға қарсы эмбаргоның мүмкін салдарын алдын алу үшін  жан-жақты сараланған шешімдер ұсынуда. Алайда «сабырға» шақыратын болжамдарың авторлары ағымдағы жылдың соңына дейін ғана болжам жасап, тек ұсыныс берумен ғана шектелуде, яғни «АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларынан әлемдік мұнай нарығында соншалықты ұсыныстың  болмайтынын күтудің әзірге қажеті жоқ»…
Fitch халықаралық рейтинг агенттігінің табиғи ресурстар мен шикізат тауарлары тобының директоры Дмитрий Маринченкода  осындай көзқараста.
«Әлемдік мұнай нарығында ұсыныс соншалықты аз болады деп күтуге еш негіз жоқ. Ираннан мұнай импорты қазанмен салыстырғанда тағы да төмендеуі мүмкін, алайда өндіріс бойынша квотаға қатысты жалпы төмендеу күніне  1 млн барр аспайды. Бұл дегеніңіз жүйеде резервтік өндіріс қуаттылықтары сақталып қалатынын білдіреді, яғни ағымдағы жылы барреліне 100 долларға дейін бағаның өсіп кетуіне жол бермейтін дәлел. Баға 70-80доллар аралығында қалуы мүмкін», - деп түсіндірді ол.
«Бағаның 80 доллардан төмен болуына АҚШ-тың ирандық санкцияларға қатысты жұмсаруы себеп болды, сондықтанда арнайы рұқсаттарды беру бағада алдын ала ескерілген болатын», - деп түсіндірді  Д. Маринченко.
Бүгінде оның бұл пікірімен «БКС Премьердің» бас сарапшысы Антон Покатовичтың көзқарасы өзара үндесіп отыр, оның есептеуінше, Иранға қатысты санкциялар күшіне енгеніне қарамастан мұнай бағасын белгілеу  айтарлықтай өзгеріп жатқан жоқ.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның мәлімдеуінше бүгінде Иран мұнайын импорттайтын  сегіз елді импорттаушы елдердің тізімінен алып тастады, оларға да қарсы шектеу шаралары пайдалануы мүмкін (егер олар Ираннан мұнай жеткізілімдерінің көлемін азайтпаса), сарапшы аталған шектеулер алдағы 180 күн бойы күшінде болады, алайда ары қарай создыруға мүмкіндік берілмейтініне назар аударып отыр.
Бақылаушылардың пайымынша берілген мерзімге қатысты шектеулер импорттаушыларға көбірек уақыт беріп мұнай жеткізілімі бойынша  мәселелерді шешуге көмектеседі, алайда ол Иранға қарсы санкциялық қысымды азайту болып табылмайды.
Сарапшы америкалық биліктің Иранның мұнайдан түсетін табысын нольге дейін төмендетуге ұмтылуын екі фактормен түсіндіріп отыр.
«Инвесторлар Еуропадағы жағдайды бақылауды жалғастыруда, онда барлығы ирандық мұнайдан бас тартуға келіспей отыр. ЕО өкілдері Тегеранмен экономикалық байланысы бар еуропалық компанияларға арналған америкалық санкцияларды айналып өту механизмдерін жасақтап жатқаны туралы нарыққа сездіруді жалғастыруда. Осы ретте,  Еуропаның мұнай нарығының ірі ойыншылары ирандық мұнайдан бас тартып қойғанын атап өтуге болады», - деді А. Покатович.
Бұдан басқа, оның пайымынша, осы аптада АҚШ Конгрессінің сайлауы айтарлықтай әсер етті, мұнай конъюнктурасы айтарлықтай төмендеді, бұл республикалық партияның қолдауын көрсетіп отыр.
«Мұнай бағасын көтеруге бағытталған ОПЕК+ өкілдерінің жауабын нарыққа қайтару арқылы  АҚШ пен Сауд Арабияның мұнай бағасына қысым келтіру бойынша өзара болжамды келісімі сайлаудан кейін маңыздылығын жоюы мүмкін», - деп толықтырды ол.
«Алдағы апталарда бағаның $72-74,3 аралығында өзгеретінін күтуге болады. АҚШ-тағы сайлаудың қортындысы бойынша нарыққа аса жоғары құбылмалылық қайта оралуы мүмкін», - деп есептейді  А. Покатович.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп 8 мамырда Вашингтонның Бірлескен кең көлемді іс-әрекеттер жоспарынан (СВПД) шығатынын мәлімдеді  –  бұл келісім 2015 жылы жасалған және ол ЕО мен АҚШ бір жақты шектеу шаралары мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкцияларын алып тастағаны үшін Тегеранның ядролық зерттемелерін шектейтін.
Д. Трамп бұрынғы санкциларды қайтарып қана қоймай жаңасын қоятынны туралы уәде берген болатын, осы ретте АҚШ мемдепартаменті Вашингтонның Ираннның мұнайдан табатын табысын нольге дейін төмендетуге мүддлі екенін жайлы мәлімдеді.
Санкциялардың алғашқы легі 7 тамыз күні түнде жаңадан іске қосылды. Бұл шектеуер Иранның автомобиль құрылысы, алтын мен металл саудасы салаларын қамтыды.
Ал, қалған санкциялар, оның ішінде Иран мұнайына қарсы шектеулер 5 қарашада күшіне енді. Дүйсенбіде АҚШ Қаржы министрлігі хабарлағандай, санкциялар 700 жеке және заңды тұлғаларға, Иранның теңіз және әуе кемелеріне  қарсы енгізілді.
Шектеу қойылған компаниялардың қатарында  Iran Air  ұлттық авиакомпания, Атом энергиясы бойынша ұйым мен Иранның Орталық банкі бар.
Кейінірік, АҚШ мемлекеттік хатшысы  Майкл Помпео Иранға қарсы енгізілген кейбір санкцияларды көрші Ауғанстанның экономикасы үшін өте маңызды елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Чабахар иран портының дамуына кедергі келтірмеу үшін алып тастау туралы шешім қабылдаған. Аталып өткендей, бұл өз кезегінде шектеуге енбеген азық-түлік, медициналық препараттарды тасымалдауға және Ауғанстанға порттан шығатын теміржолды пайдалануына мүмкіндік беріп отыр.

adimage