Иволга-гейт: ірі қазақстандық холдинг компаниясын оңалтудың орнына - банкрот қылды

Күні: 12:40, 24-01-2020.

Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Қостанайда қазақстандық ірі «Иволга» аграрлық холдингін оңалтудың орнына оны бакрот қылды, деп санайды заңгер Кристина Карпова.

«Бір кездегі ірі «Иволга» аграрлық холдингінің ісі өткен жылдың белгілі аты шулы ісі болды. Ол кезде сотталушылар орындығында холдинг иесі Василий Розинов отырды. Оған қомақты банк кредитіне қатысты алаяқтық айыбы тағылды (іс Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) мен «Халық банкінен» алынған   көптеген миллиардтаған сома туралы). Астық қолхатымен холдингке берілген қаржы, тергеу пікірінше, нақты астықпен қамтамасыз етілмеген. Бизнесмен Розиновтың маңайындағы дау қоғамда үлкен резонанс тудырып, басылымда көптеген мақаланың жарық көруіне себеп болды. «Иволга» ісі бойынша қылмыстық процесте 240-тан астам куәгерден жауап алынды, олардың түсініктері тергеу мәліметтерінен мықты ерекшеленді. Иволгалық ауыл шаруашылық компаниялардың бірқатар басшы қызметкерлері тергеу органдары тергеу барысында оларды жалған сөйлеуге мәжбүрледі деп мәлімдеді. Кәсіпкердің қорғаушысы кредит сомасын әдейі жымқырудың жалпы ешқандай айғағы жоқ деп отыр», - деді Карпова.

Ол атап өткендей, қорғаушының пікірінше, компания мен оның иесінің проблемасы экономиканың әлсіздігінде, ұлттық валюта девальвациясында (кредиттер АҚШ долларымен берілген), астық түсімінің айтарлықтай төмендеуіне алып келген құрғақшылық жылдарда жатыр. Бұл ретте зардап шегуші тарап өкілдері (ЕАБР) Розинов үшін ең қатал жазаға қол жеткізуге тырысуда.

«Сот процесіндегі даулы қиындықтардың артында «Иволга-Холдинг»-ке кіретін кәсіпорындардың басындағы істер көлеңкеде қоғам назарынан тыс қалды. Олардың барлығы 18 – бұл ірі ауылдық елдімекендер базасындағы элеваторлар мен ауылшаруашылық құрылымдары. Бүгінде олардың тағдыры азаматтық процестер топтамасымен шешілуде.

Сот талдауларының бастауы мынадай. 2018 жылдың күзінде кредиторлар талаптарының тізілімі жасалып, оңалту жоспары құрылды. Сот оны бекітіп, жұмыс үшін бес жыл мерзім тағайындады. Осы уақыт ішінде компанияның төлем қабілеті қалпына келтіріліп, оның кредиттік қарызы жабылады деп күтілді.

Сотта мыналар атап өтілді: «Иволганың» «Халық банкі» алдындағы кредит бойынша субсидиарлық жауапкершілігі шамамен Т160 млрд құрайды. Себебі «Иволганың» 13 ауыл шаруашылық құрылымы (бес элеваторды қоспағанда) ынтымақты борышкерлер болып саналады, олардың әрқайсысына кредиттің барлық сомасын өндіріп алу талабы қойылды - Т160 млрд-тан. Осылайша қалыптасқан сома «Халық банкіне» басым жағдайға (мажоритарлық кредитор) ие болуға мүмкіндік берді.

Бұл ретте кредит бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар мөлшері негізгі борыштан асып түседі. Басқаша айтсақ, алған $100 млн үшін «Иволга» банкке қазірдің өзінде шамамен $195 млн берді және тағы $100 млн. қалды. ЕАДБ-нен алған $80 млн үшін «Иволга-Холдинг» негізгі борыштың шотына $30 млн төледі және тағы $14 млн астам пайыз ретінде берді.

«Холдингке кіретін компаниялар тобының өндірісі мен мүлкінің көлемін (жерлері, фермалары, өндірістік қуаты, элеваторлар), сондай-ақ борышының бір бөлігін өтеген сомасын ескере келе сот «Иволганың» мүмкіндігін бес жылда жұмысты оңалтуға жетеді деп ұйғарды.   Істе олай болмады. Оңалтушы басқарушының бір жылғы жұмысы барысында мынадай шешімге келді: компанияны қайта жандандыру немесе оңалту мүмкін емес. Василий Розинов үшін бұл амал жоқтықты білдіреді: компаниясы банкрот болды. Ол бұл туралы тіпті сотта мәлімдеді, оңалтушы басқарушының жұмысы формальды түрде болды, ақталмаған шапшаң, жалған болды деді. Шын мәнінде егер заңда оңалту барысында бірқатар амалдар қарастырылған болса, онда оларды орындауға болар еді. Бірақ ештеме жасалмады. Кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтірудің орнына «Иволга» кредиттік борышының өсіп кетуіне тап болды», - деп атап өтті Карпова.

Ол холдинг компаниясының жаңа басқарушылары оңалту шараларына кірісіп, қолда бар фирмалармен бірге тағы жаңаларын ашқанын айтты.

«Мысалы, иволгалық «Ряжское» ауылшаруашылық құрылымына 2018 жылы «Олжа-Ряжское» қосылған. Олардың арасында ортақ қызмет туралы шарт жасалған. Бірінші оңалтушы кәсіпорыннан барлық жұмысшы екіншісіне ауыстырылған. «Олжа-Ряжское» оның активтері мен өндіріс қаражатын пайдалана бастаған. Осылайша ескі «Ряжское» түкке тұрғысыз болып қалған, оған ештеме жасау мүмкін болмады: тек фирманың қарызы көбейіп банкрот болуға жақындап қалғанын бақылау ғана қалды. Басқа компанияларға қатысты да жағдай сондай болды», - деп нақтылады заңгер.

Бұл ретте азаматтық және қылмыстық процестер барысында мынадай ақпарат жария болды: оңалтуға жіберер алдында Василий Розиновтың кәсіпорындары сенімді басқаруға өткен. Оларды Розиновтан шарт бойынша Айдарбек Ходжаназаров ( «Олжа-Агро» холдингінің өкілі) алған. Ходжаназаров кәсіпорындарды 2018 жылдың 18 наурызына дейін басқарған. Жасалған келісім-шарттардың талаптарына сәйкес ол компания меншігінің (яғни Розиновтың) өкілі ретінде жағдайды жақсарту және борышты өтеу бойынша барлық шараларды қолдануға міндеттенген.

«Сонымен біз не көріп отырмыз? Ходжаназаров кредитор-банкпен бірге «Иволганың» компаниялар тобын оңалту ісіне жіберу туралы шешім қабылдайды. 2018 жылдың наурызында банк сотқа бұл туралы мәлімдейді. Тамызда сот шешімі күшіне енді, оңалтушы басқарушы болып Айгүл Мұстафина тағайындалды. Мүлікті басқару құқығы (13 ауыл шаруашылық кәсіпорны мен бес элеватор), можариторлық кредитор – «Халық банкінің» талабымен - кредиторлар жинағы қожайынның өкілі Ходжаназаровтан басқарушы Мұстафинаға өтті»,- деп түсіндірді Карпова.

Бұл ретте, ол «Олжа-Агро» холдингінің «Иволга» мүлігін қолдануды жалғастырып жүргенін, шаруашылық қызметін жүргізіп жатқанын және қайтадан құрылған өзіндік фирмалардың көмегімен пайда түсіріп жатқанын айта кетті. Оған билік жүргізетін уақыт жеткенде «Иволга» кәсіпорындарына ең азын береді (ақшаның шамамен бестен бірін), ал қалған бөлігі «Олжаға» кетеді. Яғни, «Иволга-Холдинг» компаниясы тобының күші мен қаражаты қолданылады, бірақ компанияны оңалту үшін және оның қарызын жабу үшін емес.

«Сотта бақылаушы органдар назар аударуы тиіс басқа да барынша маңызды ақпарат айтылды. Астық туралы заңда жазылған: элеватор кешенінің жұмысына лицензия алу үшін ол иелігінде болу керек. Алайда «Иволганың» элеваторларын иеленбей тұрып, жаңа басқарушылар одан пайда көруде. Яғни, «Олжа-Агроның» элеватор кешендерімен ортақ қызметі елдегі қолданыстағы заңнама нормаларына қайшы келеді. Сондықтан «Иволга» егер бір жыл ішінде компания тобы банкротқа ұшыраған болса оңалту шаралары қаншалықты сапалы және заңды жүргізілді деген сұраққа кез болып отыр», - деді заңгер.

Ол атап өткендей, «Иволга» компанияларына банкроттықты қолдану туралы мәселе қаралған сотта салық органдары бұл идеяға қарсы болып отыр. Холдинг компаниясына қатысты азаматтық іске қағаздар қоса тігілген. Оларда салық басқармасы өкілдерінің оңалту шараларының сапасыз және қағаз жүзінде ғана жүргізілгені туралы ерекше пікірі жазылған.

«Жағдайдың осылай дамуының жағымсыз салдарын «Иволганың» басқа кредиторы – Еуразиялық даму банкін де күтіп тұр. Холдингтің 18 компаниясы банкротқа ұшырайды – олардың талаптары қанағаттандырылмай қалады, себебі ЕАДБ орын алған «оңалту» схемасында негізгі кредитор болып саналмайды. Еске салсақ, «Халық банкі» қарызды өндіріп алуда толық басымдыққа ие болды. Бұл ретте бюджет пен басқа да барлық кредиторлардың, бірінші кезекте «ЕАДБ» мүддесін жоққа шығара отырып, оңалту процесін басқару мүмкіндігіне ие болған ол «Иволганың» әр кәсіпорнына талаптарын да қойды», - деді заңгер.

Соңғы сот отырыстарында қолданыстағы «Иволга-Холдинг» кәсіпорны мүлкінің баланстық құны қатты төмендетілгені белгілі болды. Мәселен, Сарыкөл элеваторының бағасы Т8 млн құрады, Пешков нан өнімдері комбинаты – Т9 млн, «Агротехмаш» зауыты – Т218 млн. Осылайша, «Иволга» компаниясы бар болғаны Т5,4 млрд. сомаға бағаланды.

«Мұнымен келісуге болмайды. Компания активтерінің тізімінде жүздеген мың гектар жер, техника, өндіріс қаржысы бар. Сонымен қатар іс материалында «Халық банкінің» бағалау актісі бар. Соған сәйкес, «Иволганың» бұғатталған мүлкінің құны Т80 млрд. астам құрап отыр. Яғни, қылмыстық кодексте мемайыптау айтып отырған сан 15 есе төмендетілген. Бұл неге әкеп соғуы мүмкін? Бұл компанияның барлық мүлкі жаңа иесіне тастама бағамен жылыстатылады, қарыз ауада тұрып қалады, ал олар үшін барлық жауапкершілік Василий Розиновтың мойнына жүктеледі, себебі кредит рәсімдеу кезінде ол жеке өзі кепілдік берген. Міне не үшін біз «Иволга-Холдинг» компаниялар тобына қолданған оңалту шарасының жалғандығы туралы айтуға шаршамаймыз», - деп қорытты сөзін Карпова.


Жаңалықтармен бөлісу: