Ресей «санкциялар соғысының» жаңа раундын өткізуге белсенді дайындалуда ма? Қазақстанды не күтеді?

Ресей «санкциялар соғысының» жаңа раундын өткізуге белсенді дайындалуда ма? Қазақстанды не күтеді?
Алматы. 31 шілде. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) аясындағы негізгі сауда серіктесі - Ресей - батыс санкцияларының, ең алдымен, Құрама Штаттардың санкцияларының жаңа порциясына дайындалып жатқандай. Ресей Федерациясы мен Батыс елдерінің арасындағы «санкциялар соғысының» жаңа раунды басталған жағдайда бұл Қазақстанға кері әсерін тигізетініне күмән жоқ.

Бәле-жаладан аулақ па?

Мұнай бағасының төмендеуінен басқа, теңгенің тұрақтылығына үлкен қауіп төндіретіні Ресейге қарсы, ең алдымен ресейлік мемлекеттік қарызға қарсы жаңа санкциялардың пайда болуы мүмкіндігі туралы біз бірнеше рет жаздық. Атап айтқанда, біз Батыс инвесторларының Ресей федералдық несие облигацияларына (ФНО) қаржы орналастыруға және сонда сақтауға тыйым салуы мүмкіндігі туралы айтып отырмыз.
Осы нарықтағы резидент еместердің үлесі төмендеп бара жатқанына қарамастан, ол жоғары болып қалып отыр.
Ресми мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша осы көрсерткіш жалпы нарық көлемі 7.033 миллиард рубль болғанда ол 28.2% -ға жетті, ал абсолюттік мәнде - 1.982 млрд рубль, 2018 жылдың 1 сәуір айында тіркелген ең жоғарғы мәнге (2,351 млрд руб.) қарағанда 34.5% төмендеді. Дегенмен, Ресей Федерациясының американдық қарыз нарығындағы соңғы іс-әрекеттеріне қарап, ресейлік билік ресейлік мемлекеттік бағалы қағаздарға шетелдік инвесторлардың инвестициялауына шектеулер қою мүмкіндігіне ғана емес, сондай-ақ АҚШ мемлекеттік облигацияларға салынған ресейлік қаражаттың бұғатталу ықтималдығына да алаңдайды. Кем дегенде, бұл пікірді ресейлік көптеген сарапшылар бөліседі. Алайда ресейлік билік АҚШ-тың мемлекеттік қарыздарынан қаражатын алып шығаруын «елдің алтын-валюталық резервтерін әртараптандыру» қажеттілігі бойынша деп түсіндіреді.
Бұл ретте Ресейдің де АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздарына салынған инвестицияларының қысқару дерегі ғана қызықтырмайды, ол үдерістің өту қарқыны қызық.
Егер 2018 жылдың наурыз айының соңында РФ АҚШ мемлекеттік облигацияларында 96,1 миллиард АҚШ долларын немесе сол кезде 458 миллиард АҚШ долларын құраған халықаралық резервтердің 21% сақтаған болса, онда сәуір айының аяғында АҚШ мемлекеттік бағалы қағаздарына ресейлік инвестициялар екі есе дерлік - $48,7 млрд. дейін төмендеді. Мамыр айының аяғында олар 14,9 миллиард долларға дейін төмендеді, бұл АҚШ қаржы министрлігі 1,5 айға кешіктіріп жариялаған АҚШ мемлекеттік облигацияларына инвестициялар туралы деректермен дәлелденді. Нәтижесінде, жаздың басында Ресейге тиесілі АҚШ мемлекеттік қарызының көлемі тек Түркияға (32,6 миллиард доллар) және Оңтүстік Африкаға (24,4 миллиард доллар) ғана емес, сонымен бірге Қазақстанға (17,6 миллиард доллар) қарағанда аз болды.
Бұл әңгімеде Ресейдің АҚШ мемлекеттік облигацияларынан күрт арылуы осы жылдың сәуір айында Ресейге қарсы жаңа санкцияларды енгізгеннен кейін басталды, бұл әсіресе Олег Дерипасканың «Русский алюминий» («Русал») және басқа да мемлекеттік немесе иелері «Кремльге бүйрек бұрады» деп саналатын бірқатар компанияларға әсер етті.
Сондықтан да сарапшылардың Ресейдің америкалық мемқарызды жауып тастайды, себебі бұл құралдар алдағы уақытта қатырылуы мүмкін деген қорқынышы негізсіз емес.
Ал, бұл рас болса РФ жақын күндері АҚШ-тың мемқағаздарындағы үлесін тағы да қысқартуы мүмкін. Осы ретте, сенатор-республикашы Линдси Грэмның және сенатор-демократ Боб Менендестің Bloomberg агенттігіне берген өткен аптадағы сұхбатында АҚШ-тың РФ-ға қарсы санкцияларын кеңейту туралы екіпартиялы заңды ұсынамыз деген мәлімдемесі қосымша себеп болуы мүмкін.
Олардың айтуынша, заң жобасында ресейлік мемқарызға қарсы шаралар, тыйым салу шаралары, сонымен қатар Ресейдің энергетикалық және қаржы секторына қарсы бағытталған шаралар болады.

Ресейде қандай жағдай болса да ол Қазақстанға әсер етеді

ЕАЭО аясында Қазақстанның солтүстік көршісі баяғыша басты сауда серіктесі болып қала береді, сондықтан да ресейлік валюта нарығында орын алып жатқан жағдайлар біздің ішкі валюталық нарыққа өз әсерін тигізіп жатады және де РФ-мен Батыстың арасындағы «санкциялық соғыс» біздің елге де өз салқынын тигізеді.
Алайда Ресейге қарсы санкциялардың енгізілуі қазақстандық экономика мен валютаға әсері жанама сипатта болады.
Егер, тыйым салу шаралары ресейлік мемқарызға қарсы бағытталатын болса бұл теңгенің айырбас бағамына кері әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, ұлттық валютаға түскен қысым (егер ол кезге дейін аяқталмаса) ҚР Ұлттық банкінің нот нарығынан резидент еместердің жылыстауыН одан ары күшейте түсуімен жағдай одан сайын қиындауы мүмкін.
Қаржы реттеушінің мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың қаңтарынан бастап 2018 жылдың маусым айына дейін оның құнды қағаздарын сатып алған резидент еместердің үлесі 2,9%-дан 8,4%-ға дейін артты, абсалюттік шамада олардың үлесі 351,3 млрд теңгеге дейін артты.
Алайда маусым айының соңына қарай, Ұлттық банктің ақпараты бойынша, ол 6,3%-ға дейін, немесе 240,1 млрд теңгеге дейін айтарлықтай қысқарды.
Осы ретте, айта кететін болсақ, мұнай бағасынан басқа теңгенің әлсіреуіне де осы фактор әсер етті – жаздың алғашқы айында теңге 3,6%-ға немесе 330,73 ден 341,31 теңгеге дейін арзандады. Жалпы, резидент еместер ноттан жылыстатқан қаржы америкалық валютаға деген сұранысты арттырып, теңгенің айырбас бағамын қыспаққа алды.
Оның үстіне қазақстандық валюта шілде айында да қыспақтың астында болды. Оған ҚРҰБ нот нарығынан резидент еместердің жылыстауының жалғасуы себеп болуы да мүмкін.
Сондықтан да ресейлік қарызға қарсы санкциялар енгізілгенде ФНО нарығынан резидент еместердің кетіп қалуы энергетикалық және қаржы секторларына, қазақстандық валютаға қалай әсер ететінін елестетудің өзі қиын.
Біз сауалнама жүргізген сарапшылар болжам жасауҒА қиынсынды. Алайда олардың барлығы бірауыздан оның өзіндік әсері болатынын кесіп айтты.
Жалпы, сарапшылардың пайымынша, мұнай бағасы осындай жоғары деңгейде қала беретін болса санкциялардың кері әсерін біршама азайтады. Екіншіден, бұл жағдайға Ұлттық банк араласуы да мүмкін, ол тағы да валюталық интервенцияларға жүгінуі ғажап емес.
Оның үстіне АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа қарыздары ресейлік мемқарыздарға қатысты болмауы да мүмкін. Алайда РФ ФНО нарығы жаңа тыйым салу шараларына түсіп қалуы мүмкін деген тәуекелдер күн санап артуда
Дегенмен де болашақта жағдай қандай болатынын уақыт көрсетеді.

adimage