Қазақстан-Мажарстан саяси консультацияларының кезекті раунды өтеді

    Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ- Қазақстан-Мажарстан саяси консультацияларының кезекті раунды өтеді, деп хабарлады Қазақстан СІМ Ресми өкілі Айбек Смадияров.
   «2024 жылғы 6 мамырда Будапешт қаласында (Мажарстан) Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі мемлекеттік хатшысының орынбасары Адам Штифтердің төрағалығымен Қазақстан-Мажарстан саяси консультацияларының кезекті раунды өтеді»,- деп хабарлады Смадияров.
   Тараптар өзара сауданы кеңейту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, көлік және логистика, агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, білім беру және т.б. мәселелерді талқылауға ниетті.
   Сонымен қатар, тараптар Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға ресми сапары барысында және Қазақстан-Мажарстан стратегиялық кеңесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін қарастырады.

Источник фото: GOV.KZ


adimage