АҚШ долларының биржалық бағамы Ресейде 65 рубльден асып жығылды

Алматы. 13 қаңтар. ҚазТАГ – АҚШ долларының бағамы Мәскеу биржасында 65 рубльден асып жығылды, еуро 77 рубльге жетті, деп хабарлайды ТАСС сейсенбіде.
Доллар бағамы Мәскеу биржасында кешегі сауда-саттықтың жабылу деңгейімен салыстырғанда 2,03 рубльге артып, 65,2 рубль белгісіне дейін жетті, еуро бағамы 2,58 рубльге өсіп, 77,26 рубльге дейін жетті. Доллар мен еуро, осылайша, 2014 жылдың желтоқсанынан бері максимумға жетті.
Рубльдің құлдырауы мұнай құнының үздіксіз құлау жағдайында орын алуда. Сөйтіп, Лондонда ІСЕ биржасындағы бүгінгі сауда-саттық барысында әлем нарығындағы Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 4,3%-ға құлап, $45,39-ға дейін жетті, WTI - 3,39%-ға құлап, $44,52-ге дейін (мск 10.50-дегі жағдай бойынша). Осы ретте Brent пен WTI баррелінің құны 2009 жылдың көктемінен бері минимумға дейін түсіп кетті.
ҚР Ұлттық банкінің 13 желтоқсанда ресми орнатқан валюталар бағамына сәйкес, 1 ресейлік рубль Т2,92-ге тең. АҚШ долларының бағамы Т183,55 деңгейінде орнатылған, еуро - Т216,83.

adimage