Қазақстан мектептерінің біразындағы бейнекамералар жұмыс жасамайды және ЖБО қосылмаған болып шықты

Астана. 24 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан мектептерінің біразындағы бейнекамералар жұмыс жасамайды және жедел басқару орталығына қосылмаған, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес өткізді. (…) Министр техникалық жабдықтау мен оның сапасына тоқталып, жергілікті атқарушы органдар білім беру ұйымдары бейнекамералармен 100% қамтылғаны туралы есеп беретінін атап өтті. Бірақ тексеру болғанда елеулі кемшіліктер анықталады. Барлық камера жұмыс істемейді, қала мектептерінің бір бөлігі ЖБО-ға (Жедел басқару орталығы) қосылмаған», - делінген хабарда.
Сондай-ақ министр камералардың саны туралы есеп емес, осы камералардың қанша баланы қамтитыны маңызды екеніне баса назар аударды.

adimage