«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ құрамы өзгерді

Алматы. 18 наурыз. ҚазТАГ – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ (ҚИК, «Бәйтерек» ұлттық холдингі «еншілесі») директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлады ҚИК баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 13 наурызында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ жалғыз акционерінің шешімімен Директорлар кеңесінің мүшесі Яцек Бжезинскийдің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Жаңа тәуелсіз директор және директорлар кеңесінің мүшесі болып Елемесов Асқар Раушанұлы тағайындалды», - делінген хабарда.
Елемесов 2004-2006 жылдар аралығында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2006 жылы ҚР қаржы министрлігінде вице-министр болып тағайындалған еді.

adimage