Қазақстанның СІМ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайын анықтауда

Астана. 6 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайын анықтауда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Анықтап жатырмыз», - деді ҚазТАГ редакциясына дүйсенбі күні Қазақстанның СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салсақ, дүйсенбіге қараған түні Түркияда магнитудасы 7,4 балдық күшті жер сілкінісі орын алды. Елде қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды.

adimage