2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастау мерзімі 3 қазанда аяқталады – ҚР Ұлттық банкі

Астана. 26 тамыз. ҚазТАГ – 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастау мерзімі 3 қазанда аяқталады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңі аяқталады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Атап өтілгендей, қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық банктің филиалдарында жүргізіледі.
«2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталды. Ағымдағы жылдың 3 қазанында аталған банкноттардың айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін Ұлттық банктің филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады. Осы күнге дейін банкноттарды еліміздің 17 қаласында орналасқан ҚР ҰБ барлық аумақтық филиалдарында айырбастауға болады», - деп атап өтті Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

adimage