22-23 қаңтарда Нұр-Сұлтанда және ҚР екі облысында қар, бұрқасын және күшті жел күтіледі

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – 22-23 қаңтарда Нұр-Сұлтанда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар, бұрқасын және күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қ.: 22-23 қаңтарда қар, бұрқасын, 23 қаңтарда көктайғақ күтіледі. 22 қаңтар кешке, 23 қаңтар тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз 22, тәулік бойы 23 қаңтарда Ақмола облысында қар, бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. Көкшетау қ.: күндіз 22, тәулік бойы 23 қаңтарда қар, бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Также сообщается, Күндіз 22, тәулік бойы 23 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
«Петропавл қ: күндіз 22, тәулік бойы 23 қаңтарда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage