42 жолаушысы бар автобус Қарағанды облысында жол шетіне шығып кетті

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – 42 жолаушысы бар автобус Қарағанды облысында жол шетіне шығып кетті, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«4 желтоқсанға қараған түні шамамен 4.00-де жүргізушісі 28 жастағы Yotong маркалы автобус көктайғақ салдарынан Қызылорда-Павлодар тас жолының 837 шақырымында жол шетіне шығып кетті. Автобус салонында 42 жолаушы болған», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Полиция жолаушыларды құтқару және оларды жақын маңдағы елдімекен – 12 шақырымдағы Шет ауданы Ақой ауылына жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды.
«Кафеде тамақпен қамтылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді ПД-нен.

adimage