Ақмола облысында браконьерлердің ізіне түскен екі қорықшы жараланды

Алматы. 23 шілде. ҚазТАГ – Ақмола облысында браконьерлердің ізіне түскен екі қорықшы жараланды, деп хабарлады агенттік тілшісі. .
«23 шілдеде шамамен сағат 11.00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанай облысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК екі инспекторы жарақат алды», - деп хабарлады сейсенбіде ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
Оның айтуынша, инспекторлардың бірінің жағдайы ауыр, есін жинамаған.
«Қазіргі таңда жарақат алған инспекторлар санавиация шақырылып, Державинск аудандық ауруханасына жеткізілді. Ақмола облысы Жарқайың ІІБ күдіктілерді іздестіруде, оларды шұғыл ұстау жоспары жарияланған. Қосымша ақпарат түсуіне қарай хабарланатын болады», - деді Ділдахмет.

adimage