Ақтөбе облысында қуаты жылына 1,8 млрд құрайтын цемент зауыты салынады

Ақтөбе. 20 ақпан. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында қуаты жылына 1,8 млн тонна құрайтын цемент зауыты салынады, деп хабарлады «Ақтөбе» ӘКК» ҰК АҚ басшысы Әнуар Маханов. 
«Ақтөбе облысында қуаты жылына 1,8 мн тонна болатын цемент зауыты салынады», - деді А.Маханов сәрсенбіде.
Оның айтуынша, Ақтөбе агломерациясының дамуы мен өңірді құрылыс материалдарымен, соның ішінде цементпен қамту мақсатында «Ақтөбе» ӘКК» ҰК АҚ түріктің Dal Holding Investment Company компаниясымен жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізді.
«Құны Т101 млрд болатын цемент зауыты Байғанин ауданында салынады. «Ақтөбе цемент» ЖШС біріккен кәсіпорны құрылды, аталмыш нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылдың сәуірінде басталады», - деп атап өтті А. Маханов.
2018 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында 908 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілген – бұл 5 мыңнан астам пәтер және 2 мыңнан астам ЖТҚ. 2019 жылы облыста кем дегенде 1 млн ш.м. тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі таңда облыс жылына 600 мың тонна цемент импорттайды. Жаңа өндіріс аталмыш мәселені шешуге мүмкіндік береді.

adimage