Алматы облысының 89 жасар тұрғыны коронавирустен толық жазылды

Талдықорған. 27 мамыр. ҚазТАГ – Алматы облысының 89 жасар тұрғыны коронавирустен толық жазылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Кеген ауданының 1931 жылы туған тұрғыны Күмісхан Оразақынова 4 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы ауруханада емделген. Ауруханаға түскенде жағдайы орташа ауыр болған. Бүгінгні таңда науқас толығымен коронавирусты инфекциядан жазылды», - делінген сәрсенбәдегі ресми хабарда.
Бүгінгі таңда Қазақстанда барлығы 4613 адам COVID-19 дертінен толығымен жазылған.

adimage