Алматыда теракті дайындаған қазақстандыққа үкім шықты

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ - Алматыда теракті дайындаған қазақстандыққа үкім шықты, деп хабарлады ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметінен.
«Алматы қаласының Алмалы аудандық қылмыстық сотының А.Ж.Бітімбаевты терроризм актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша 10 жылға соттау туралы үкімі заңды күшіне енді», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ол ҰҚК назарына деструктивті діни идеологияны ұстанушы және Қазақстан Республикасында тыйым салынған «ДАИШ» (Ирак пен Леванттың исолам мемлекеті», ИЛИМ) халықаралық террористік ұйымының жақтасы ретінде іліккен.
«Тексеру барысында оның Интернетте «ДАИШ» үгіт-насихатының ықпалымен халық көп шоғырланған орындарда жарылғышты пайдаланумен терактілер дайындауы туралы ақпарат алынды. Қарулы шабуыл жасағаннан кейін ол шетел содырларының қатарына өту және террористік әрекетін жалғастыру үшін Сирияға жетуді жоспарлаған», - деп хабарлады ҰҚК-нен.
Ведомствода атап өткендей, Бітімбаевтың көрсетілген ойларын болдырмау үшін оны ағымдағы жылдың сәуірінде Алматыда ішкі істер органдарын тарта отырып, ҰҚК күшімен ұстау жүргізілді.
«Тінту кезінде одан атыс қаруы мен травматикалық қару, қолдан жасалатын жарылғыш құралдар жасауға арналған құрамдас бөлшектер, үш сауда-ойын-сауық орталығының сызбалары, бетперде мен қолғап алынды. Бітімбаевтың кінәсі куәгерлік түсініктермен, заттай және өзге де дәлелдермен толықтай дәлелденді», - деді ҰҚК-нен.

adimage