Алматыдағы «инфекциялық аурухананың» құрылысынан Т3,9 млрд жымқыру туралы іс – «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» түсінігін өзгертуде

Алматы. 18 қаңтар. ҚазТАГ – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматыдағы BI Group холдингінің модульді жылдам тұрғызылатын аурухана құрылысына бөлінген Т5,5 млрд соманың Т3,9 млрд. жымқыру ісі бойынша берген түсінігінің мағынасын өзгертті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Басқарма басшысының (Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев – қазТАГ) ұсталғанын растаймыз», - деп хабарлады ҚазТАГ ХАА редакциясына дүйсенбі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
Алайда Алматы әкімдігінен шенеунікті ешкімнің ұстамағаны туралы айтқаннан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ҚазТАГ агенттігіне телефон шалып, сөйлемді Нұрашевке қатысты «сотқа дейінгі тергеу амалдарының тіркелгенін растаймыз» деп өзгертуді сұрады.
«Шенеунік» Telegram-каналындағы ақпарға сәйкес, ҚР ҚК 189 бабы 4 бөлімі бойынша (бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап қылу) Нұрашев пен «Bi-Industrial» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, «олар 2020 жылдың сәуірінде Алматыда коронавирусты инфекцияның таралуын төмендету бойынша шараларды күшейту үшін 280 кереуеттік орынға арналған модульді инфекциялық аурухананың құрылысына бөлінген Т5,5 млрд соманың Т3,9 млрд. сомасын жымқырған деп айыпталуда».
«Шығын аудиторлық тексеріс барысында расталды», - делінген Telegram-канал хабарында.
Еске салсақ, 3 сәуірде денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тез тұрғызылатын құрылымдардан үш жұқпалы аурулар ауруханаларын салу туралы шешім қабылданды. Кейін белгілі болғандай, нысандарды салумен BI Group компаниясы айналысады, ал құрылыс құны Т14,8 млрд. деп бағаланып отыр. Сонымен қатар, белгілі болғаны BI Group тендер жарияланғанға дейін жобаны әзірлеуге кірісіп кеткен. Ауруханаларды салу кезінде көптеген кемшіліктерге жол берілді және қоғамның наразылығын туғызды. Атап айтсақ, қазақстандықтарды шығындар көлемі, ЖСҚ болмауы, сондай-ақ Алматыдағы медмекеме құрылысы археологтың тиісті келісімінсіз ежелгі темір дәуірі ескерткішінің аумағына салынып жатқаны да тұрғындардың ашуын келтірді. Сонымен қатар, Алматыдағы аурухана бойынша шарт оның сақ қорғанының жері екені туралы хабар тарағаннан кейін BI-Industrial компаниясымен жасалғаны да қазақстандықтардың ашуын келтірді. Ескерткіштерге жағымсыз әсер етуі мүмкін бұзушылықтарға тарихшы Нұрлан Атығаев, археолог Мирас Нұрмұхамбетов, тарихшы Зайнулла Самашев, сондай-ақ сенат депутаттары да көрсетті. BI Group компаниясы бұзушылықтардың кеткенін мойындады, бірақ жауапкершілікті билікке ысыра салды.
30 қарашада бірқатар блогерлер мен журналистер Алматыда BI Group компаниясының Т5,5 млрд сомаға салған 280 кереуеттік жұқпалы аурулар ауруханасындағы науқастарды ондағы жылу жүйесіндегі ақауларға байланысты басқа ауруханаға көшіріп жатқаны туралы жазды. Хабарда атап өтілгендей, ғимарат алғашқы суыққа төзбесе керек. Шенеуніктердің ресми нұсқасына келсек, көшірудің себебі – 30 қарашада Түрксіб ауданы Дегдар көшесі 10/2 мекенжайында «И..Жекенова ат. қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының» жаңа филиалы ашылады екен, ал BI Group жаңа ауруханасын «резервке» қойылатын болып шешіпті.

adimage