«Аманат» партиясы Астанада кезектен тыс съезге жиналады

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – «Аманат» партиясы Астанада кезектен тыс съезге жиналады, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.  

«AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы қаулыға қол қойды», -  делінген хабарламада.

Атап көрсетілгендей, съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды.


adimage