Арыста қуатты бомба жарылысы болғандығы туралы жалған ақпарат таратқан екі әйелді ұстады

Астана. 27 маусым. ҚазТАГ - Арыста қуатты бомба жарылысы болатындығы туралы жалған ақпарат таратқан екі әйелді ұстады, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметінен.
«Шымкенттегі полиция департаменті қуатты бомба жарылысы болатындығы туралы жалған ақпарат таратқан екі әйелді ұстады. Ішкі істер органдары ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 274-бабы 1-бөлігі (қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Соңғы тәулікте аталған бап бойынша үш қылмыстық іс қозғалған», - делінген бйесенібдегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ҚР ІІМ тұрғындарды әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа сенбеуді және үрейге бой алдырмауды сұрайды
«Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында қаза болған адамдардың саны үшеу екенін ресми түрде растап отыр. Хабарланғандай, көз жұмғандар саны бұдан да көптігі туралы әлеуметтік желіде тараған ақпарат - жалған. Егер де азаматтар зардап шеккен адамдар туралы қандай да бір қосымша деректерге ие болса, ресми түрде Ішкі істер министрлігіне шағымдануға шақырамыз», - делінген хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, Арыс тұрғынына қатысты қуатты бомба жарылысы туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа дйеінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, 24 маусымда сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жағдай ішкі істер органының бақылауында.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігінде әкімдік жанынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративті әлеуметтік даму қорының құрылғанын айтты.
ҚР ІІМ ақпарынша, ТЖ салдарынан екі адам қаза тапқан, 165 адам зардап шеккен.
ІІМ ақпарынша, қаладан шамамен 41 мың халық эвакуацияланған, периметрі бойынша блокбекеттер қойылған, себебі үйлерге зақым келуде, сондай-ақ, жарылмаған снарядтар да бар, қалаға кіруге тыйым салынған, кіретін және шығатын көліктер тексерілуде.
Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнында тоғыз минасыздандыру тобы жұмыс жасап жатыр.
Сондай-ақ, құтқарушылар әскери бөлім аумағында жарылыстың тоқтағаны туралы мәлімдеді.
Бұл ретте ТЖК әлі де жарылыс қаупі сақталып отырғанын атап өтті. 26 маусымда Түркістан облысының әкімдігі әскерилердің Арыстың 16 көшесінен 70 жарылмаған снаряд жинағанын, әлі көбінің үйлерде жатқанын мәлімдеді.
Соңғы ақпар бойынша, медициналық көмекке 70 адам жүгінген, оның 45-і ауруханаға жатқызылған, үш адам қаза тапқан.

adimage