Астанада «Көктал-1» ауданының тұрғындары газсыз қалды

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Астанада «Көктал-1» ауданының тұрғындары газсыз қалды, деп хабарлады «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметінен.
«Көктал-1» ауданында газ беру толығымен тоқтатылды. 236 абонент газсыз қалд», – делінген хабарда.
28 қарашада сағат 18.40-та «Газовик» ЖШС жер үстінде құрылыс техникасымен жұмыс жасап жүріп, ГРПШ-14,15,16-ға табиғи газ беруді қамтамасыз етіп отырған Шұғыла 24 көшесіндегі диаметрі 225 мм болатын орташа қысымдағы газ құбырына зақым келтірген.

adimage