Астанада Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ- Астанада Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлайды. Осыған байланысты, 28-30 маусымы аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады»,- делінген хабарламада.

Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Фото көзі: пресс-служба акимата Астаны


adimage