Қазақстанда мемсатып алудағы әр 12-ші теңгені бұзушылықпен қолдануға тырысқан

Астана. 11 тамыз. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Камералды бақылаумен қамтылған Т7,5 трлн мемлекеттік сатып алудың Т647 млрд. сомасындағы бұзушылықтың алды алынды, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
«Өткен жеті айда камералды бақылаумен мемлекеттік сатып алудағы 7,5 трлн. теңгеге 1 млн астам процедура қамтылған. Тексеру қорытындысы бойынша Т647 млрд. бұзушылықтың алды алынды», - деді Жамаубаев сейсенбі күні Қазақстан үкіметінің онлайн отырысында.
Осылайша, мемсатып алуда әр 12-ші теңге бойынша бұзушылықтың алды алынған.
Министрдің айтуынша, 933 аудиторлық шара жүргізілген, олар бойынша Т543 млрд бюджет қаржысы қамтылған.
«Т668 млрд. сомаға қаржылық бұзушылық белгіленген, тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету және жұмыстарды жасау, бюджетті қайтару және есеп бойынша көрсету арқылы Т162 млрд соманың бұзушылығы жойылды», - деді қаржы министрі.

adimage