Қазақстанда тамыз-қазанда өндіріс көлемінің арту қарқыны бәсеңдеді

Алматы. 18 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда тамыз-қазанда өндіріс көлемінің арту қарқыны бәсеңдеді, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Сауда саласы нарықтық бәсекелестік ықпалы әсер ететін негізгі сала болып қала отырып, ол ықпалдың 2019 жылдың 3 тоқсанында осы салаға деген күшейгенін байқады. Сауда саласында бәсекелестіктің жағымсыз әсерін сезіп отырған кәсіпорындар үлесі 33,6 % құраса, тау-кен өндіру өнеркәсібінде аталған көрсеткіш 8,5%-ды құрайды. Басқа салаларда бұл көрсеткіш 19% - 24% құрады», - делінген дүйсенбіде таратылған 2019 жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша салалық конъюнктуралық шолуда.
Ұлттық банк ақпарынша, сауда және өңдеу өнеркәсібі салаларында қызметкерлер саны азайды; көлік және қойма саласында осы көрсеткіштің аздаған өсуі байқалды, ал басқа салаларда өзгеріс болған жоқ. Құрылыс саласындағы қызметкерлер санының өзгерісі маусымдық факторға деген тәуелділікке байланысты болғаны анық.
«2019 жылдың 4-тоқсанында кәсіпорындар өндіріс көлемінің өсу қарқынының төмендеуін күтуде», - деді қаржылық реттеуші.

adimage