Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

Астана. 10 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің Қаулысымен Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Дауешов 2013 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрі директоры, 2011-2013 жж. - Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік халық аспаптары оркестрінде инспектор, түрлі жылдары филармония, халық аспаптары академиялық оркестрі әртісі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Дәстүрлі музыка өнері кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген.

adimage