Қазақстанның тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанның тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«6 тамызда Атырау облысында найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстігінде +35 қатты ыстық болады, төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырауда 6 тамызда түнде жаңбыр жауады, найзағай», - делінген сәрсенбідегі дауылды ескертуде.
Батыс Қазақстан облысында бейсенбіде кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 6 тамызда оңтүстігінде +35 қатты ыстық күтіледі. Басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
«Күндіз 6 тамызда Қостанай облысында кей жерлерде найзағай, оңтүстігінде күн ысиды +38. Солтүстік-шығыстан, шығыстан кей жерлреде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қостанай облысында орташа өрт қаупі күтіледі. Қостанайда 6 тамызда солтүстік-шығыстан, шығыстан күндіз екпіні 15-20 м/с жел тұрады», - делінген хабарда.
Күндіз 6 тамызда Түркістан облысында басым бөлігінде +40 қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі күтіледі. Түркістанда күндіз 6 тамызда +40 қатты ыстық болады.
«Күндіз 05 тамызда Ақмола облысында батыста 36 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан: күндіз 05 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 16 м/с», - деді «Қазгидрометте».
6-8 тамызда Алматы облысында күндіз +35+37 қатты ыстық болады. Талдықорғанда 6-8 тамызда күндіз +35 қатты ыстық күтіледі.
«6 тамызда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 6 тамызда Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады», - делінген хабарда.
7-8 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғады, солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады 15-20 м/с. Күндіз 6-8 тамызда басым бөлігінде +39 ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз 6-8 тамызда +39 қатты ыстық күтіледі.
«6-7 тамызда Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ, жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз 6-7 тамызда облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: күндіз 6 тамызда жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Жезказган қ.: күндіз 6 тамызда 35-37 градус қатты ыстық, найзағай күтіледі», - деді синоптиктер.
Дауылдың ықтималдығы 70-100%.

adimage