БЖЗҚ инвестактивтерінің портфелі 1 мамырда шамамен Т9,762 трлн болды

Алматы. 24 мамыр. ҚазТАГ – 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 762 млрд теңге болды, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкі баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 761,9 млрд теңге болды. Теңгемен номинирленген ақша қаражаты мен қаржы құралдары 6 613,1 млрд теңгені немесе 67,7%-ды, шетел валютасында номинирленген – 3 148,8 млрд теңгені немесе 32,3%-ды құрады», - деп хабарлады жұмада Ұлттық банктен.
Қаржылық реттеуші нақтылағандай,  2019 жылғы сәуірде теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 76,00 млрд теңге (ақша нарығы құралдарына инвестицияларды есептемегенде1 ) болды, оның ішінде: орташа алынған кірістілігі жылдық 8,7%-бен 46,0 млрд теңге сомаға ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ сатып алынды; инфляцияға және жылдық 1,0% мөлшерінде сыйлықақыға тең кірістілігі бар Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің облигациялары 30,0 млрд теңге сомаға сатып алынды.
«Қарастырылып отырған кезеңде теңгемен бос ақша қаражаты ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылған. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады», - деп атап өтті қаржылай реттеуші.
Хабарда атап өтілгендей, 2019 жылғы наурызда бағалы қағаздар эмиссиясы проспектісінде белгіленген талаптарға сәйкес, ҚР ЕДБ-ның облигациялары бойынша негізгі борыш 5,5 млрд теңге жалпы сомаға өтелді, сондай-ақ 2,0 млрд теңге сомаға ҚР Министрлігінің МБҚ бойынша негізгі борыш өтелді.
«Қаралып отырған кезеңде банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес ҚР ЕДБ-ның депозиттері бойынша негізгі борыш 1,6 млрд теңге жалпы сомаға мерзімінен бұрын ішінара өтелді», - деді Ұлттық банктен.

adimage